Сот төрелігінің жеті түйіні

Сот төрелігінің жеті түйіні

Жыл басында Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым бағытты ұсынды. Судьялардан, адвокаттардан, сот қызметкерлерінен, заңгерлік қауымдастықтардан келіп түскен мыңнан астам ұсыныстың негізінде даярланған бұл жоба, «Сот жүйесінің 7 түйіні» деп аталды.

Сот жүйесін дамытуға бағытталған жоба 7 бағытты қамтиды: «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы». Жеті жоба 2020 жылға дейінгі сот жүйесін дамыту тұжырымдамасының негізін құрды. Ол сот жүйесін жаңа даму деңгейіне көтеруі тиіс. Тұтастай алғанда, аталған жобалардың негізгі ортақ міндеті – қоғамның соттарға деген сенімін арттыру.

Айта кету керек, бұл жұмыс жобалық менеджмент тәсілі бо­йынша жүргізілуде. Ол тәсіл барлық дамыған мемлекеттерде және жетекші компанияларда кеңінен қолданылуда. Қазақстанның Жоғарғы Соты Жобалық офисті ТМД елдері соттарының ішінде бірінші болып іске қосқаны да ерекше атап өтуге болады. Жобалық менеджмент бүгінде бүкіл әлемде кеңінен қолданылып жатқан басқарудың озық тәжірибесі болып табылады.

Жобалық офистің ішкі бөлігі «open space» - ашық кеңістік қағидаты бойынша қызметкерлер  бір-бірін көре отырып, қойылған міндеттерді бірлесе шешетін командалық жұмысқа негізделіп жасалған. Жобалық менеджмент нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған және қолда бар ресурстарды барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұдан әрі 7 жобаны іске асыру үшін судьялар мен сот қызметкерлерінен құрылған жеті топ құрылды. Осы бағыттағы барлық құжаттар Жоғарғы Соттың сайтына орналастырылған. Кез келген адам осы жобалар бойынша өз ұсыныстарын енгізе алады.

Ең бастысы бүгінде осы жеті жобаның негізінде сот  жүйесін одан әрі дамыту, сот төрелігіне сенімді арттырып, сот төрелігінің әділдігін,  жауапкершілігін арттыру бағытында жұмыстар атқарылуда.

Жылдың басынан бері аталған жоба шеңберіңде аз емес жұмыстар атқарылды. Мәселен, Жоғарғы Сотпен «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулыға өзгерістер енгізілді. Қабылданған қаулыда екі қағидатты мәселе қамтылды. Біріншіден, сот шешімін жариялағаннан кейін судья қарапайым тілмен тараптарға өз шешімін түсіндіретін болады. Екіншіден, нормативтік қаулыда сот шешімін қалай дайындау туралы түсінік берілді. Өзінің маңыздылығына орай қаулы ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап қолданысқа енгізілді.

Сонымен қатар, Жоғарғы Сот әралуан факторларды зерделей келе, медиация мен бітімгерлік шараларын ынталандыруға кірісті. Қазіргі таңда бірқатар істердің санаттарын сотқа жеткізбей шешу мақсатында нақты шаралар қабылданды. Оған қоса, республиканың көптеген соттарында медиация кабинеттері ашылды, онда кәсіпқой медиаторлар, сондай-ақ пилоттық тәртіпте татуластырушы-судьялар жұмыс істеуде.

Алдағы уақытта судья лауазымына үміткерлерді іріктеудің жаңа тетіктерін енгізу мәселелері қарастырылатын болады. Өз кезегінде Сот төрелігі академиясына да жаңа талаптар қойылып, бұл оқу орны да өз тұжырымдамасына өзгерістер енгізіп жатыр.

Жалпы алғанда, сот жүйесінде атқарылып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – соттар жұмысын тиімді ұйымдастыру болып табылады.

Алдағы уақытта қоғамымызда мінсіз судьяның келбеті мен оған  қойылатын басты талаптар анықталып,  тәуелсіз сот төрелігінің халықаралық стандарттары негізінде қазақстандық қоғамның сұранысына сай, жоғары кәсіби сот корпусы қалыптасып, сот төрелігін атқару кезіндегі судьялардың сыртқы және ішкі тәуелсіздігін заңнамалық, құқықтық және материалдық кепілдіктерін арттыру жұмыстары ойдағыдай жүзеге асып, сот саласы жаңа бір сапалық сатыға көтерілетініне сенім мол!

Сондықтан сот  саласын жаңа бір сапалық деңгейге көтеріп жатқан «7 түйін» жобасынан әлі де күтер үмітіміз мол!

 

Е.Ахмеджанов

Әскери соттың әкімшісінің

ақпараттық қамтамасыз ету

бөлімінің басшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

4 пікір

  1. аватар
    Jann 26 августа 2023 22:58

    What's up, this weekend is nice in favor of me, because this occasion i am reading this enormous
    educational piece of writing here at my residence.


    Visit my website; Andra

  2. аватар
    Willard 10 апреля 2024 17:32

    Hi there just wanted to give you a quick heads up and let you know a few of the images aren't loading correctly.
    I'm not sure why but I think its a linking issue.
    I've tried it in two different internet browsers and both show the same results.


    Also visit my page :: Davida

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив