«Отбасылық сот» пилоттық жобасының жүзеге асуы

«Отбасылық сот» пилоттық жобасының жүзеге асуы

 Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотында «Отбасылық сот» пилоттық жобасының жүзеге асуы талқыланды. Іс шараға сот судьялары, Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Анаргүл Сисенова, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен «Жайық таңы» ҚҚ төрайымы Гүлбаршын Мұштанова және «Ана үйі» ҚҚ психологы Альфия Науанова қатысты.

Сот төрағасы Азамат Борамбаев өзінің кіріспе сөзінде қатысушыларға еліміздің құқықтық реформаларының жүзеге асуында қосып отырған үлестері үшін ықыласын білдірді.

Ашық диалог барысында қатысушылармен бүгінгі таңда орын алып отырған мәселе, бұл – психологтар жұмысының тоқтап қалуы көтерілді. Алайда өзара пікір алмаса келе, аталмыш жұмысты жаңғырту туралы ортақ тоқтамға келді.

Атап өту керек, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасын енгізу және жан-жақты дамыту, қолайлы құқықтық ортаны қалыптастыру мақсатында, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 соты және БҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКК, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ, Батыс Қазақстан облыстық медиаторлар одағы, сонымен қатар «Ана үйі» қоғамдық қоры арасында Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңнамалық нормаларды басшылыққа ала отырып өз құзыреті шегінде, мемлекеттік отбасы саясатын дамытуды назарға ала отырып меморандум жасалып, соның негізінде сотқа некені бұзуға жүгінген жұптармен жеке әңгімелесу жұмысы енгізілді. Психологтар аптасына екі рет соттың штаттық режимінде жұмыс жасады. Аталмыш жұмыс 2019 жылдың шілде айында психологтардың бала күтімі мен еңбек демалыстарын кетуіне байланысты тоқтап қалған еді. Бүгінгі таңда 17 шілдеден, 1 жұмыс күні есебімен  қайта жанданды.

Кездесу қорытындысы бойынша 2019 жылдың тамыз айының соңынан Орал қаласының №2 сотының штаттық режимінде 2 психолог күнделікті жұмыс жасайды деген ортақ шешімге келді.

Кездесу соңында тараптар өзара жұмысты жалғастырудың және ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

 

О.Ташимова

Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив