Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мәселелері талқыланды

Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мәселелері талқыланды

Мұғалжар аудандық сотында «Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы А.Т.Анарбаев, кеңсе меңгерушісі А.Т.Иманбекова, аудандық және көлік прокуратураларының, аудандық және желілік полиция бөлімдерінің, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері қатысты.

Сот төрағасы А.Т.Анарбаев  мемлекеттік тілді дамытудың мемлекеттік және қоғамдық маңыздылығын атап, мемлекеттік тілді дамыту мен нығайтуға, соның ішінде сот ісін жүргізу тіліне әсер ететін бірқатар факторларды атап өтті. Ол сотқа дейінгі іс жүргізу органдарының тілдік қағидатты іске асыруды реттейтін құқықтық нормаларды процестік құжаттарды дайындау кезінде қатаң сақтауға тиіс екендігіне назар аударды. Сонымен қатар, ол құжаттардың мазмұнына және лингвистикалық ережелеріне, іске қатысушы, сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамдарды сапалы аудармамен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып өтті. 

Қатысушылар мемлекеттік тілдегі істер мен жадығаттардың санын көбейту, мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу мәселелерін талқылап, мемлекеттік тілді қолдануға қатысты қажетті ұсыныстар қабылдады.

Қорытындылай келе,  төраға азаматтардың тілдерді таңдау құқықтарының сақталуына, іс бойынша өндірісті мемлекеттік тілде жүргізуге, сот ісін жүргізу тілі туралы заңнама нормаларының бұзылуына жол берілмеуіне бақылауды күшейту қажеттілігіне назар аударды.

 

Мұғалжар аудандық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив