Медиация  татулықты дәріптейді

Медиация татулықты дәріптейді

Мемлекеттілікті нығайту және әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу үшін Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасымыз ұсынған «5 институттық реформа 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 11-мақсатты қадамы сот жүйесіне арналған және онда он түбегейлі әрі нақты шаралар баяндалып, оны іске асыру түбегейлі орындалуда.  

Елімізде халықтың сотқа деген сенімін арттыру өзекті мәселе болып табылады. Шындығына келгенде халықта дау-дамайды тек қана сот арқылы шешу керек деген көзқарас қалыптасқан. Сондықтан сәл ғана болған дау туындай қалса дереу сотқа жүгінетініміз рас. Ал сотқа жүгінудің ретіне келетін болсақ, ол біраз уақыт әуре-сарсаңға, яғни арыз беруден басталып, мемлекеттік баж салығы, сот шығыны, жол қаражаты, заңгерлерді жалдау сияқты шығындар бар, әрі іске соңғы нүкте қойылғанша тек қана бір емес, бірнеше сот отырыстары өтуі әбден мүмкін, ал оның соңы жұмыстан қайта-қайта сұранып, жеке тірлікті ысырып қоюға әкеліп соғады. Сонымен қатар сотта екі тараптың арасында үлкен дау туындап, олар адамгершілікпен имандылықтың бәрін жиып қойып,  бір-бірімен амалдың жоқтығынан айтысуға, таласуға, тартысуға алып келеді, ал оның соңы бір-біріне ауыр-ауыр сөздер айтып, кешегі тума-туыс, немесе дос жаран, таныстар енді бір-біріне қарама-қайшы тарап болып, арты үлкен қастыққа айналып жатады.

Міне осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау және оның алдын-алу мақсатында 2011 жылдың екінші жартысынан бастап қолданысқа енген «Медиация туралы» Заңның өмірге келгеніне келесі жылы 10 жыл толады. Алғашқы кезде аталмыш заң тиісті түрде жүзеге аспай, оның қолданылуы мен орындалуы бойынша көптеген мәселелер туындан болатын, содан кейін қабылданған Азаматтық процестік кодекс дауды бітімге келтірудің бірнеше рәсімін бекітті. Атап айтқанда заңнама татуласудың төрт түрін қарастырды. Олар сотта татуласу келісімін жасау, медиация немесе соттық медиация тәртібімен дауды не болмаса дау-шарды реттеу арқылы келісімге келу, сондай-ақ, екі тараптың адвокатының қатысуымен дауды партисипативтік рәсім арқылы реттеу.

Сондай-ақ біздің елімізде «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламасы іске асып жатыр. Соған байланысты әрбір өңірде соттан тыс татуластыру орталықтары ашылып, жұмыстануда. Бұл орталықтан келушілер медиатордың, адвокаттардың, нотариустар мен сот орындаушыларының қызметтерін тегін ала алады. Сонымен қатар аудандар мен ауылдық округтерде де билер кеңесі құрылып, жергілікті халықтың тыныштығын бұзатын келеңсіздіктерді, атап айтқанда отбасының ажырасуы, ішімдікке салыну, ұрлық тағы басқа да құқық бұзушылықтарды тоқтату үшін қызмет жасауда.

Дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешудің оң тұстары жетіп артылады. Дауды татуластыру рәсімдері арқылы реттеу біріншіден, сот шешіміне қарағанда тараптардың өздерінің бір шешімге келуі ықпалды, екіншіден, көп жағдайда екі жақтың даулары заңның нормаларын дұрыс түсінбеушілігінен болып жатады, ал соттың сол нормаларды дұрыс әрі тиісті түрде түсіндіруі екі тараптың бір мәмілеге келуіне алғы шарт болып табылады. Үшіншіден, сот тек шешімі бір тарапты ғана қанағаттандыруы мүмкін болса, бітімге келу арқылы екі тарапта ортақ мәмілеге келіп, яғни қол алысып, дауға соңғы нүкте қойылады. Ал төртіншіден, дауды келісім арқылы реттеу екі жақтың да қаржысын және сонымен қатар өздерімен бірге соттың уақытын үнемдейді. Сонымен бірге тағы бір тиімділігі, егер сотпен бекітілген қандай да бір келісім ерікті түрде орындалмай қалған кезде тараптар атқару парағы арқылы мәжбүрлі түрде орындату туралы мәселені көтеруге құқығы бар, яғни егер бір тарап екінші тарапқа берешек болып, оны белгілі бір уақытқа дейін қайтару туралы өзара келісім жасап, оны тиісінше жауапкер уақытында орындамаса, талап қоюшы жақ сотқа атқару парағын шығаруға өтініш бере отырып, мәжбүрлі түрде өндірте алады.

Дауды бейбіт жолмен шешу барысында судьяға арыз қабылданған күннен бастап тараптарды татуластыру үшін тиісті шараларды қолданып, істі қараудың барлық сатысында талапты түсіндіру жүктелген.  

Азаматтық процестік кодекстің 174–бабына сәйкес, сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады және даулы процестің барлық сатыларында келісіммен реттеуге оларға жәрдемдеседі. Азаматтық процестік кодекстің 176–бабында көзделгендей, тараптар келісімді жазбаша түрде дайындап, оған тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды. Бұл құжатта келісімді орындау мерзімі мен тәртібі міндетті түрде көрсетіледі. Және де азаматтар өздерінің шарттарын қойып, оған өзара келіскен жағдайда ғана олардың келісімін сот бекітеді. Сондай-ақ қазіргі тәжірибе медиация туралы заңды қылмыстық іс жүргізуде де қолдану қолайлы екенін көрсетіп отыр. Көбіне-көп қылмыс жасалғаннан кейін жәбірленуші мен айыпталушының арасында жағымсыз қатынас орнап, көпшілік жағдайда айыпталушы жәбірленушіден кешірім сұрап және келтірген залалдың орынын толтыруға әрекет жасаса да, жәбірленуші жақ көңіліндегі реніштен арыла алмағандықтан онымен байланысқа бара алмай жатады. Ал мұндай жағдайда медиатор екі жаққа да заңды әрекет жасауға ықпал жасай алады.

Ақжайық ауданының №2 аудандық соты бойынша 2018 жылдың қорытындысы бойынша 5 қылмыстық, 62 азаматтық және 35 әкімшілік іс дауды медиация тәртібімен реттеу арқылы аяқталған болса, 2019 жылы 2 қылмыстық, 42 азаматтық, 44 әкімшілік іс тараптардың медиациялық келісімге келуі арқылы өз шешімін тапты. Өз кезегінде біздің мақсатымыз дауларды сотқа дейін реттеудің дұрыстығын халыққа жете түсіндіру, жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы заңдастыру болып табылады. Осы жоғарыда аталған бітімге келу келісімдерінің  көпшілігі берешек өндіру туралы дауларға қатысты болып келсе, соңғы уақытта медиация аясында неке бұзу туралы талаптар бойынша да белгілі бір бітімге келу көбейіп келеді және болашақта да бұл үрдістің кең қолдануы жақсылықтың нышаны болып қала беретіні ақиқат.  

 

 Адушева В.Ш. 

Ақжайық ауданының №2 аудандық

сотының судьясы                                                           

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив