Жаңақала аудандық сотының төрағасы оқушылармен кездесті

Жаңақала аудандық сотының төрағасы оқушылармен кездесті

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық сотының төрағасы Сабыржан Есжанов С.Меңдешов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары және ұстаздарымен кездесті.

Кездесудің мақсаты кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі, қылмыс үшін тағайындалатын жаза түрлері туралы түсінік беру.

Сот төрағасы С.Есжанов сот төрелігінің жүктемесін оңтайландыру және заңнаманы одан әрі ізгілендіру бойынша өзгерістер туралы, сот жүйесіндегі өткізіліп жатқан реформаларға тоқталып, бейнебайланыс жүйесі мен «TrueConf» мобилді қосымшасы, «Татуласу: сотқа дейін, сотта» деген бағдарламалар жұмыстарымен таныстырды. Сондай-ақ, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама талаптарына да тоқталып өтті.

Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, тиісінше қойылған сұрақтарына толық өз жауаптарын алды.

Кездесу соңында оқушылар өз алғыстарын білдіріп, сот ғимаратын, судья мен сот қызметкерлерінің қызметтік бөлмелерін және сот отырысы залдарын аралап, фрон-кеңсе, медиация кабинетімен танысты.

 

А.Рысқалиева

Жаңақала аудандық сотының кеңсе бас маманы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив