Батыс Қазақстан облыстық сотында 2019 жылдың жұмыс қорытындысы талқыланды

Батыс Қазақстан облыстық сотында 2019 жылдың жұмыс қорытындысы талқыланды

 

Батыс Қазақстан облыстық сотында 2019 жылдың жұмысын қорытындылау бойынша облыс соттарының кеңейтілген кеңесі өткізілді.

         Іс-шараға облыстық соттың алқа төрағалары, облыстық соттың судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары және судьялары, соттар әкімшісінің басшысы қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық соттың төрағасы Бек Әметов кеңейтілген кеңестің жұмысын аша отырып, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді сапалы қарауға және азаматтардың сотқа деген сенім деңгейін арттыруға баса назар аударды.

         Облыстық сот алқаларының төрағалары өз баяндамаларында аудандық және оған теңестірілген соттардың өткен жылы атқарған жұмыстары жөнінде айтып өтті.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасының м.а. Ниязбек Ділдәбековтың  айтуынша, 2019 жылы соттарда 1 291 адамға қатысты 1 139 іс қаралды. Сондай-ақ, өткен жылы облыс соттарымен 9 адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданылды, ал 173 қылмыстық іс прокуратураға қайтарылды. Кәмелетке толмаған адамдар 26 сотталған немесе 2,01% (1291/1408) барлық сотталғандардың жалпы санынан.  2019 жылдың 12 айында 711 электрондық қылмыстық іс пен 131 санкция беру туралы материал тіркелінді. Оның ішінде 703 қылмыстық іс және 131 санкция беру туралы материал қаралды.

Бұған қоса, қылмыстық істерді қабылдау мен қарау, сондай-ақ материалдарды санкциялау да электрондық түрде жүргізілуде.

Өткен жылы соттардың іс жүргізуіне 1597 қылмыстық іс пен 1867 санкция түсті. Олардың ішінде 703 іс  және 140 санкция электрондық форматта қаралды. 703 электрондық қылмыстық іс қаралды, олардың ішінде 50-сы бұйрықтық іс жүргізу істері.

Электрондық форматтың бір ерекшелігі ақпараттық жүйе қылмыстық істің материалдарын цифрлы түрде сақтайды және жоғары қауіпсіздік деңгейі бар. Барлық процестік құжаттардың электрондық карточкалары бар. Сот актілері соттың базасына уақтылы енгізіліп отырады. Осы жаңалық сот жүйесінің, құқық қорғау органдарының және ел тұрғындарының өзара қарым-қатынасының анықтығын толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Апелляциялық сатыда 203 қылмыстық іс қаралды. Оның ішінде аудандық соттардың 13 адамға қатысты 5 үкімі және 25 адамға қатысты 21 үкімі өзгертілді. Сонымен қатар, 3 адамға қатысты 3 ақтау үкімі шығарылды.

Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов 2019 жылы облыс соттары 11 389 азаматтық істі қарап, бірінші сатыдағы соттардың 143 сот актілерінің күшін жойғанын және 89 сот шешімі өзгертілген. Жеңілдетілген (жазбаша) өндірісте 919 іс қаралды немесе аяқталған істердің жалпы санының 21,2% - ы. Бітімгершілік рәсімдерді қолдану арқылы 1 776 істер аяқталған немесе 20 205 аяқталған істер бойынша 0,1 % - ы құрайды. Оның ішінде: 1581 іс медиация тәртібімен, 20 іс партисипативтік рәсім тәртібімен, 175 іс бойынша бітімгершілік келісім жасалғанын атап өтті.

2019 жылы облыс соттарымен 15 800 әкімшілік істер қаралды, оның ішінде  1 366 әкімшілік іс татуласуына байланысты тараптардың медиация тәртібімен аяқталған.

Отбасылық сот» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында судьялар неке-отбасы қатынастарынан туындайтын істерді қараған кезде, істі тек мәні бойынша қараумен шектіліп қана қоймай, тараптарды бір-бірімен татуластырып, отбасыны сақтап қалуға тырысады. 

Осылайша, 1 842 неке бұзу ісінің ішінде 431 іс бойынша тараптар арасындағы дауды медиация тәртібінде реттеу бойынша келісім жасалды.

Ювеналдық соттың судьялары медиация тәртібінде балалардың тұрғылықты орнын белгілеу туралы 32 дауды, баламен араласып тұру тәртібін белгілеу туралы 15 дауды медиация тәртібінде реттеді. 

Бұдан әрі судья әдебі жөніндегі комиссия төрағасының м.а. Лаззат Ұстағалиеваның, судьялардың іс әрекеттеріне түскен шағымдар мен арыздардың қараудың жай-күйі туралы облыстық соттың судьясы Айгүл Маштакованың, бұқаралық ақпарат құралдары бойынша үйлестіруші судьяның атқарылған жұмыстары жөнінде облыстық соттың судьясы Ғ.Қырықбаевтың, сонымен қатар, сот төрағаларымен сот төрелігін жүзеге асыру сапасы бойынша қатаң сұралым болды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметов сот төрелігін жүзеге асыруды жақсарту, судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында соттардың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі нақты міндеттерді атап өтті.

Сондай-ақ, апелляциялық сот алқаларының төрағалары мен аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларына сот төрелігін іске асыру сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдау тапсырылды. 

Кеңесті қорытындылай келе, облыстық соттың төрағасы Мемлекет басшысысының Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды, халықпен кері байланысты күшейтуді тапсырғанын айтты. 

Жыл қорытындысын шығара отырып, облыстық соттың төрағасы Жоғарғы Сот 2020 жылды «Коммуникация» жылы деп жариялағанын атап өтіп, осыған орай «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  тұжырымдамасын жүзеге асыруды, халықпен кері байланысты күшейтуді және өткір мәселелерді уақытында шешілуін  тапсырды.

Кеңес соңында, Батыс Қазақстан облысының аудандық және оған теңестірілген соттарының 2019 жылдың қорытындысы бойынша Орал қаласының № 2 сотының судьялары Сәкен Нахипов пен Салтанат Құрманбаева Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы атынан                    2019 жылғы азаматтық істер бойынша медиацияны қолданудың үздік нәтижесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив