Бәйтерек аудандық сотында брифинг өткізілді

Бәйтерек аудандық сотында брифинг өткізілді

 

         «2019 жылғы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындылары» тақырыбында Бәйтерек аудандық сотында брифинг өткізілді.

         Іс-шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, аудан тұрғындары, сондай-ақ "Ауыл Тынысы" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ертай Бимұханов қатысты.

         Сот төрағасы Роза Сариева іс-шараға қатысушыларды 2019 жылғы сот жұмысының қорытындылары мен сот жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалары туралы хабардар етті.

         Спикер 2018 жылы сотта 342 азаматтық істер қаралғанын,  ал өткен жылы сот өндірісінде 352 азаматтық іс аяқтағанын атап өтті, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен қаралғаны 67 іс, бұл  жалпы аяқталған істер санынан - 18,9 %  құрайды. 42 іс өндірістен қысқартылған, оның ішінде 3 іс бітімгершілік келісімге келу, 27-сі медиация тәртібін қолдану арқылы, 12-сі талап арыздан бас тартуына байланысты аяқталған. Медиация тәртібімен аяқталған істердің саны 29.6 % өскен.

         Өткен жылы сотқа түскен қылмыстық істердің саны 16 % - ға азайған. 2018 жылы қаралған 50 іске қарсы былтырғы жылы 42 қылмыстық іс өндірісте аяқталған. Үкім шығарумен 28 іс қаралған. Медиация тәртібі арқылы татуласумен аяқталған істердің саны ұлғайған, 13-ке қарсы 7 іс.

         Әкімшілік істер бойынша өсу үлесі 16.7% құрайды. Өткен жылы 394 іс аяқталған болса, 2018 жылы 328 іс аяқталған. Тараптардың татуласуына байланысты 2018 жылы қысқартылған 32 іске қарсы, өткен жылы 48 іс өндірістен қысқартылған. Өсім 33.3 % құрады.

         Сот төрағасы қатысушылардың назарын тараптардың татуласуына байланысты 2019 жылы аяқталған істердің өсу үрдісіне аударып, бұл қоғамдағы жанжал деңгейін төмендету шеңберінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты  қойған міндеттерге байланысты – деп, атап өтті.

         Брифинг барысында сот төрағасы журналисттің сұрақтарына жауап берді.               

 

Бәйтерек аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі Макишев Талап Мухтарович

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив