Жаңақала аудандық сотында ағымдағы жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

Жаңақала аудандық сотында ағымдағы жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

 

Жаңақала аудандық сотының төрағасы Сабыржан Есжанов сот жұмысының ағымдағы жылдың 9 айы қорытындысы бойынша брифинг өткізді. Іс шараға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямгалиева, ауылдық округ әкімдері, прокуратура, полиция бөлімі, «Қамыс-Самар» ЖШС-нің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Билер кеңесінің мүшелері, кәсіби емес медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.

Брифинг барысында сот төрағасы статистикалық есепті хабарлады. Сот көрсеткіштері бойынша ағымдағы жылдың 9 айында 39 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде электрондық форматта 30 іс, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен 2 іс. 34 іс бойынша үкім шығарылған, медиация тәртібімен 2 іс өндірістен қысқартылған. Барлығы қаралған 110 азаматтық істер бойынша тараптардың татуласуына байланысты, медиативтік келісім орнатуымен 26 іс және бітімгершілік келісім негізінде - 2 іс  өндірістен қысқартылған. 343 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде медиация тәртібімен 53 іс қысқартылған. Сонымен қатар, Жоғарғы Соттың «Түнгі сот», «Виртуалды сот», «Отбасылық сот» пилоттық жобалары бойынша, сотта өткізілген іс-шаралар және атқарылған ағымдағы жұмыстар егжей-тегжейлі баяндалды.

Бұған қоса, сот төрағасы С.Есжанов қазіргі уақытта сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру, соттарда айыптаушылық көзқарасты төмендету, сот рәсімдерін оңайлату, татуласу институтын жетілдіру,  сот актілерінің сапасын арттыру, соттардағы жемқорлықтың алдын алу-сот жұмысының басым бағыттары екендігін айтып өтті.   

Кездесу соңында сот төрағасы қатысушылар арасында туындаған сұрақтарға жауап беріп, заң талаптарын түсіндірді.

 

 

А.Рысқалиева

Жаңақала аудандық сотының кеңсе бас маманы Батыс Қазақстан облысы

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив