Отбасылық кеңесті құру бойынша дөңгелек үстел өтті

Отбасылық кеңесті құру бойынша дөңгелек үстел өтті

 

Мұғалжар ауданының №2 аудандық  сотында отбасылық дауларды реттеу үшін әкімдік жанынан отбасылық кеңестерді құру мәселесін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара аудандық соттың төрағасы А.Муканов, судья Ж.Кунаева, Мұғалжар аудандық прокурорының орынбасары Г.Ермагамбетов, адвокаттар, медиаторлар, Жем қаласының әкімі Ж.Бисенов, Ембі қаласы әкімідігінің және Мұғалжар аудандық қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің өкілдері, сот мамандарының қатысуымен өткізілді.

Дөңгелек үстел өткізу барысында сот төрағасы А.Мұқанов статистикалық мәліметке тоқталып, аудандық сотпен 2019 жыл басынан бүгінге дейін көп қаралған санаттар: шарттық міндеттемелер-95 іс, неке және отбасылық қатынастардан туындайтын санат бойынша-41 іс қаралғанын атап көрсетті. Кеңес жұмысының ажырасуға ниет еткен ерлі-зайыптыларды татуластыруға және отбасындағы дау-жанжалдарды азайтуға,  отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді, - деп толықтырды.

Отбасын сақтауға бағытталған іс-шаралар, отбасылық кеңестің қызметі шеңберінде туындайтын сұрақтар талқыланды. Нәтижесінде Жем қаласының әкімі мен Ембі қаласы әкімдігінің өкілі отбасылық кеңес орталықтарын құруды қолдады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив