Ел билігіндегі тіл құндылығы!

Ел билігіндегі тіл құндылығы!

Мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып танылады. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз, біздің міндетіміз – оны барлық салада белсене пайдалана отырып дамыту, қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек, қазақ қазақпен қазақша сөйлессін, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»- деп атап көрсеткен болатын.

Бұл өзекті мәселе жайлы күні кеше Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында да тиек етті. «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін», -деген Мемлекет басшысының сөзі ата-бабадан баға жетпес мұра боп қалған, шексіз бай қазақ тілінің жойылып кетпей, жаңа деңгейде дамуына себепкер болады деп білемін.

«Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан-дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі...»,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі болуы керек. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі.

Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Қыркүйек айында Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілуде. Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз.

Иә, тіл қашан да мемлекеттің –  ең асыл қасиеті, табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл де жанды нәрсе сияқты, қалыптасады, дамиды, өркендейді, өседі немесе құлдырайды, кемиді, өшеді, жойылады. Тіл – ұлттың тірегі. Ол – жан дүниеңді ашып көрсететін мөлдір айнаң.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – еліміздегі мемлекет саясатының ең маңызды бағыттарының  бірі.  Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың тілдік мәртебесін арттыруға барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар туғызуды жүктейді.

«Мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қоғамдағы тіл проблемаларын шешу  жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар қабылдауға мемлекеттік қолдаудың қажеттілігімен айқындалады.

Бұл орайда, ең басты бағыт - тіл саласында нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қажетті ғылыми - әдістемелік, материалдық – техникалық және кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету, тілдердің, ең алдымен мемлекеттік тілдің еліміздің қоғамдық өмірінде қызмет ету аясын кеңейту, мемлекеттік тілді дамыту, оның қоғам өмірінің барлық салаларында, әсіресе ғылым, білім, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу, халықаралық қатынастар салаларында белсенді қызмет етуіне қажетті алғы шарттар қалыптастыру, ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау. Екінші бір маңызды бағыт – ел азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті қаржылық, ұйымдастырушылық, материалдық – техникалық жағдайлар жасау, мемлекеттік тілді оқыту мен үйрету әдістемелерінің сапасын жақсарту. Тілдің мектепке дейінгі балалар мекемелерінен бастап, жоғары оқу орындарына дейінгі барлық білім беру жүйесінде оқытылуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, тілдерді оқытудың бағдарламалары мен жаңа технологияларын әзірлеу. 

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршамызға белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Ендігі мақсат – тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» - деп қадап айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға тиіс.

Тіл – халықтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлттың ұлылығын танытатын басты күш. Ұлт болмысын ұғындырып, жалпы жұртты төңірегіне топтастырып, біріктіретін фактор. Сондықтан мемлекеттік тілді білу-өмір талабы, заман сұранысы,қоғам қажеттілігі деген жөн. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқарғанда ғана ол нәтижелі болатынына күн сайын көз жеткізіліп келеді.

Бүгінгі күні егемен ел ретінде әлем мойындаған Қазақстанға деген қызығушылық артып, өркениеттің материалдық ғана емес, рухани құндылықтарымызды да танып-білуге деген ынта-ықыласы тереңдей түсуде. Ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткізген уақытта біз осы рухани  құндылықтарымыздың қайнар бұлағы – қазақ тілінің қадір-қасиетін өзгеден бұрын өзіміз жете түсінуіміз қажет.

 «Мемлекеттік тіл – Бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді  дәл осындай рәміз. Сондықтан біз барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін барлық күш-жүгерімізді жұмсауға тиіспіз» - деген  Елбасының тапсырмасын орындау - әрбір қазақстандықтың парызы болуы тиіс.

Сондықтан да, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімі болуы керек. Ана тіліміздің өркендеуі – еліміздің өркендеуі екенін естен шығармайық.

 

Батыс Қазақстан облысы

Орал қалалық мамандандырылған

тергеу сотының судьясы Раушан Исмаилова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив