Тіл мәртебесі – ел мерейі

Тіл мәртебесі – ел мерейі

Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны әрі ары.

Тіл – ұлттың болмысын айқындуаушы да халықты біріктіруші де құрал. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген қөзқарас шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бейжай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз»,-деген болатын. Және күні кеше алғашқы жолдауын жасаған жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатынын атап өтті.

Ата Заңымыздың 7-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілі – ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады делінген. Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі – мемлекеттің барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі.

Туған тілдің абыройын асқақтату  әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жаңс ұрпағын парасатты да, білімді, іскер де, қабілетті, отансүйгіш те, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.

Мемлекеттік тілді құрметтеу – Қазақстан азаматтарының міндеті болып саналады. Мемлекеттік тілді менсінбеушілік, сыйламаушылы және оның абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін басқа да іс-әрекет жасаған азаматтар мен ұйымдар мемлекеттік мекемелер заң бойынша жауапқа тартылады.

Заманында ұлт жанашары А.Байтұрсынов: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» - деген екен.  Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны һәм айнасы. Тіл мәселесі – бір адамның ғана емес, барша қазақ ұлтының мәселесі.

Ғалам көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатырғанда мемлекеттік тілмен қатар шет елдердің де тілін жете меңгеру әр қазақстандықтың күн тәртібіндегі мәселе болғаны абзал. «Өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтесек», тіліміздің мәртебесін асыруды әрбір жан мықтап қолға алса, еліміз гүлденіп, Отанымыздың іргесі берік болатыны ақиқат.

 

А.Рысқалиева

Жаңақала аудандық сот кесесінің бас маманы

Батыс Қазақстан облысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

4 пікір

  1. аватар
    Rico 9 сентября 2023 12:44

    Hi there, I discovered your website via Google whilst searching for a comparable topic, your website
    came up, it seems great. I have bookmarked it in my google bookmarks.

    Hi there, just changed into alert to your weblog thru Google, and
    found that it's really informative. I'm gonna watch out for brussels.
    I'll be grateful in the event you continue this in future.
    Many other people might be benefited from your writing.

    Cheers!

    Here is my page; Amparo

  2. аватар
    Winnie 18 сентября 2023 09:44

    Hello would you mind letting me know which webhost you're using?
    I've loaded your blog in 3 different internet browsers and
    I must say this blog loads a lot faster then most. Can you recommend a good web hosting provider at a
    reasonable price? Many thanks, I appreciate it!


    my blog - waar
    copal te vinden in België

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив