Студенттер сот  жұмысымен  танысты

Студенттер сот жұмысымен танысты

Батыс Қазақстан инновациялық және технологиялық университетінің заңтану факультетінің студенттері облыстық соттың оқу орталығының жұмысымен танысу мақсатында Батыс Қазақстан облыстық сотына келді.

Студенттерге сот жұмысының ерекшеліктерімен танысуға, болашақта мамандық таңдауды таңдауға мүмкіндік беретін теориялық және практикалық білімнің қажетті тәжірибесін жинақтау мүмкіндігі берілуде. Студенттер жыл сайын соттарда таныстыру, оқу, өндірістік және диплом алдындағы практикадан өтеді.

Жылда облыс соттары студенттерге сот органдарының ақпараттық технологияларын таныстырады, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері сот жүйесінде болған өзгерістер туралы дәрістер оқиды. Мемлекеттік қызмет саласындағы стратегиялар мен бағдарламаларды іске асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша семинарлар өткізеді. Сот жүйесімен тығыз қарым-қатынас кезінде бұл тәсіл жоғарғы оқу орындарында жаңа формациядағы заңгерлік кадрларды даярлауға септігін тигізеді.

Соттар Әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов, студенттерді қарсы алып, олар үшін сот ғимаратында экскурсия өткізді. Еліміздің сот өндірісіне заманауи технологияларды еңгізілудегі сот жүйесінің құрылымын көрсетті. Қандай сервистер азаматтарға, сот төрелігін жүзеге асырудағы олардың мүдделері мен құқықтарын сақтауды қамтамасыз ете отырып, сот органдарына қолжетімділікті арттырады. Сонымен қатар, заңгерлік мамандық бойынша оқып жатырған кадрлардың заңгерлік жоғары білімге ие болуға, жұртшылық арасында құқықтық сауаттарын көтеруге және жалпы қоғам мен мемлекет мүддесін қорғауға міндетті екендерін атап өтті.

«Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, жаңа технологиялар қызметтің барлық саласына енгізілуде және өмір сапасын көтеруге бағытталған, ал ол, өз кезегінде, ақпараттық сервистерді меңгеру және олардың күнделікті өмірде қолдану қажеттілігін туғызды. Қатысушыларға сот процестерінің дыбыс-бейне жазу жүйесінің жұмыс қырларын көрсетті. Сонымен қатар, бейнеконференц байланыс арқылы батыс аумағының аудандық соттарына және тергеу изоляторына қосылып, сот төрелеігін қашықтықта жүзеге асыру мүмкіндігі туралы баяндады.

Шара ұжымдық фотосуретке түсумен аяқталды.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив