СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС.

 

Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі - сыбайлас жемқорлықпен күресу болып отыр. Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазақстан - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қабылдаған және осы мәселе бойынша халықаралық конвенцияға мүше болған алғашқы ТМД елдерінің бірі. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.   

         Сыбайлас жемқорлық  –  үлкен әлеуметтік қасірет болып табылады және саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдатып отырғаны  анық.

Ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы са­на қа­жет. Бұл дерттің жаппай жойылмау жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғы­нуына және орындауына көмек­те­су­дің алғышарттарының бірінен басталады. Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы са­на қалыптасқан жағдайда, адам, адам­гершілікке жат қылықтардан бой­ын аулақ ұстай бастайды, заңға қай­шы ке­летін әрекеттерді жасауға жол бер­мейді. Жастардың бойында сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы мәдениет қалып­та­­суы үшін жастарымыз сыбайлас жем­қор­лықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамда құқықтық сауаттылығына да байланысты төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген се­нім­ді­лігін күшейтеді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін, халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Дамыған елдерде сыбайлас жем­қорлыққа қарсы саясатты іске асыру ба­рысында сыбайлас жемқорлықты рухани жағынан қабылдамауға мән беріледі. Жас ұр­пақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүл­дем төзбеушілікке тәрбиелеуіміз ке­рек. Сыбайлас жемқорлықтың бар­­лық түрлерін жою үшін Қазақстан аза­­маттарының құқықтық санасын арт­ты­­ру жүргізілуде.

Өйткені, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы білімінің болмауына байланысты, азаматтар абайсыздан сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары болып қа­лады.

Мемлекет пен қо­ғам тығыз қарым-қатынаста бол­ған­да сыбайлас жемқорлықты тө­теп бере аламыз. Сондай-ақ, страте­гия­да сыбайлас жемқорлыққа деген төз­беушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналу керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда ұр­пақ­пен жұмыс істеу қажет. Адамды ба­ла кезінен қазақстандық патриоти­зм және сы­­байлас жемқорлықты қабылдамау ру­хында тәрбиелеп өсіру керек.

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» - атты Жолдауында, Қазақстанның мем­ле­кет­тілігін нығайту жолындағы стра­те­гия­лық маңызды мәселелерді айқындап, қо­ғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өз­гертуге, жаңғыртуға бағытталған бес не­гізгі басымдылықты белгілеп берді. Мұн­да бесінші басымдықтың бірі – сы­бай­лас жемқорлықпен күрес. Онда: «Сы­бай­лас жемқорлықтың себептері мен ал­ғышарттарын анықтап, оларды жою жұ­мысын күшейту қажет. Маңызды мә­селенің бірі – сатып алу саласын жетіл­ді­ру. Үкіметке мемлекеттік сатып алу жүйе­сін орталықтандырылған қызмет қа­ғидаты бойынша енгізуді тапсыра­мын. Квазимемлекеттік секторда, табиғи мо­но­полия және жер қойнауын пайда­ла­­ну салаларында да сатып алу ша­ра­ларын өткізу әдістерін түбегейлі қай­та қарастыру керек. Сыбайлас жем­қор­лық­пен күресте көп нәрсе бүкіл қо­ғам­ның белсене атсалысуына байланысты. Әлеу­меттік желінің, өзге де медиа-ресурс­тар­дың дамуы жағдайында, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі кү­рес­тің қуатты құралына айналуға тиіс» делінген. 

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Тек қана осындай түсінік қоғамның алға басып, дамуына жол ашады.

 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының жетекші маманы Б.А.Тлеккабулова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив