Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы талқыланды

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы талқыланды

Жаңақала аудандық сотының төрағасы Сабыржан Есжанов Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалар бойынша Көпжасар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы Рухолла Саматов, ауылдық округ әкімі, билер кеңесінің мүшелері мен медиаторлар және ауыл тұрғындары қатысты. 

Кездесуді бастай келе, С.Есжанов Жолдауда айтылған іргелі тапсырмалардың бірі азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін және сот жүйесі  азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігн қорғау жұмысында басты іргетас болып табылатынын атап өтті. 

«Еліміздің Президенті өз Жолдауында соттардың алдына нақтылы Ол – сот шешімдерінің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдап, сот тәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз ету жөнінде міндеттер қойды. Тапсырманы орындау аясында сот шешімдеріне шағым берген кезде және көпшілік-құқықтық даулардағы соңғы әрекеттер кезінде азаматтар мен мемлекеттік органдардың арасындағы айырмашылықты тегістейтін дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет енгізілетін болады», – деп атап көрсетті сот төрағасы.

Бұдан кейін спикер сот шешімдерінің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдаудың, сот тәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін атап шықты.   

Бұған қоса, сот төрағасы жеке қатарлардағы сыбайлас жемқорлық белгілеріне қарсы қабылданып жатқан алдын алу шаралар туралы, сыбайлас жемқорлық қылмыстарына мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру бойынша Судьялық әдеп кодексі мен Мемлекеттік қызмет туралы Заңның талаптарының бұлжытпай орындалуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді саясаттың жүргізілуі, мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруы туралы әңгімеледі.

Кездесу соңында сот төрағасы және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы Рухолла Саматов тұрғындардың қойылған сұрақтарына жауап беріп, оларға кездесуге қатысқандары үшін алғыс айтты.

 

 

Жаңақала аудандық соты

Батыс Қазақстан облысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив