Жуалы аудандық сотының ұжымы  тарихи-өлкетану мұражайында болды.

Жуалы аудандық сотының ұжымы тарихи-өлкетану мұражайында болды.

 

 «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде, Жуалы аудандық сотының ұжымы аудандық тарихи-өлкетану мұражайында болды.

Мұражай 2018 жылдың 29 қыркүйек айында Жуалы ауданының 90 жылдық мерекесіне орай ашылған. Мұражай 3 залдан тұрады: тарихи археологиялық, рухани жаңғыру және батырлар залы. Аталған мұражай ауданда ең жас мекемелердің бірі болып саналады, алайда онда археологиялық қазбалардан табылған ежелгі экспонаттар, керамикалық ыдыстардың сынықтары, құмыралар мен қазандар және Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан стратегиялық маңызы бар ежелгі «Баркуаб» қаласының көне заттары мен тиындары бар.

Аудандық өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Даулетжан Байдалиев келушілерді ежелгі қаланың пайда болу тарихы мен оның жоғалып кету себебі, қала тұрғындарының өмірі, олардың қолөнер кәсібімен айналысқаны және археологтармен табылған көне заттары туралы ақпарат берді. Оның сөзінше  ежелгі ыдыстардың бөлшектері, құмыралар мен қазандар біздің дәуірдегі І-ІІ ғ.ғ. жатады, Ауданның даласында осы күнге дейін археологтар табылып жатқан ежелгі экспонаттар мұражайды осы күнге дейін толықтыруда.

Жарқын әсермен бөліскен соттың төрағасы Бақытжан Мүлкібаев өз сөзінде осындай іс-шаралар рухани баю және жетілу үшін болашақ ұрпаққа керектігін, мәдениетке тарту – заманауи білімге нысаналы бейімдеу болып табылатынын, әлеуметтендіру бүгінгі күні өте қажеттігін атап өтті.

 

 

Жамбыл облысы, Жуалы аудандық сотының

               баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив