Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде кездесетін проблемалық мәселелер талқыланды

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде кездесетін проблемалық мәселелер талқыланды

Батыс Қазақстан облыстық сотта судьялық корпус пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Басқосуды облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының Ақан Жұмағұлов ашып беріп, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді айтып өтті.

Кездесуде сыбайлас жемқорлық істері бойынша сот тәжірбиесінде кездесетін дәлелдемелерді бағалаудағы, іс-әрекетті саралаудағы, залалды анықтаудағы өзекті мәселелер, сондай-ақ, органдар арасындағы одан әрі өзара қарым-қатынастары талқыланды.

Өз баяндамасында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюросының тергеу басқармасының бастығы А.Абакаров ұрлықты тергеу барысында туындайтын проблемалық мәселелерге, шұғыл емес жағдайларда құпия тергеу әрекеттерін жүргізу және жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты тұлғалардың хабарламалары туралы мәселелерге тоқталып өтті.

Сондай-ақ, кездесу барысында Орал қаласының тергеу сотының төрағасы Н.Ғұбашев, Орал қалалық сотының судьясы В.Дмитриенконың баяндамалары тыңдалды.

Кездесу соңында қатысушылар әрбір оқылған баяндаманы талқылауда белсенді қатысып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

 

 Қанатбаева Н.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-баспасөз қызметінің маманы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив