Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші мәртебесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші мәртебесі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «мемлекеттік қызметші — жоғары моральды жауапкершілік, кәсіби білімін тәжірибеде қолдана алу, адалдық, таза ниеттілік, белсенді өмірлік ұстаным сияқты негізгі қасиеттерге ие болуы шарт, яғни мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының маңыздылығын сезіне отырып, өз елінің патриоты болуы тиіс» деп ерекше атап көрсеткен болатын. Бұл орайда, санамызға қоғам мен мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметшіге деген қойылатын талаптардың қаншалықты жоғары екендігін байқауымызға болады.

Елбасымыздың бастамасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі жүйесін дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда екендігін ешкім жоққа шығармасы анық.

Мемлекеттік қызмет жүйесін кәсіби деңгейге жеткізу және мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алатын орны ерекше. Жоспарға сәйкес көрсетілген нақты тапсырмаларды орындау баршамызға ортақ міндет.

Ұлт жоспарына сәйкес, кәсіби мемлекеттік аппарат құрастыру барысында бірінші институционалдық реформаның алғашқы 15 қадамын енгізу бойынша жаңа әдістер де әзерленді.

ҚР Ата заңымыздың 24-бабына сәйкес, әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі, төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

Статистикалық көрсеткіштерге назар аударатын болсақ, 2018 жылғы І тоқсанында ерлердің жұмыссыздар санындағы үлесі 45,8% (200,9 мың адам), әйелдердің үлесі - 54,2% (238,3 мың адам) құрады. Ал, соңғы статистикаға жүгінсек, 2018 жылдың 4 айында алғаш рет мемлекеттік қызметке 1982 адам орналасқан, оның ішінде 1158 жергілікті атқару органына және 824 орталық мемлекеттік органдарда орналасқан.

Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу ресімін орталықтандыру 3 сатылы іріктеу жүйесін енгізуге байланысты, заңдар бойынша тестілеуден жыл басынан бері 10800 адам қатысып, 46,01 % өткен, яғни (4969 азамат). Келесі саты бойынша 2018 жылдың 4 айында 4821 адам өтіп, барлық көрсеткіш бойынша75,03% жоғары көрсеткіш көрсеткен.

Ұлт жоспарына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 63-бабы 1-тармағына сәйкес, 2018 жылдың 5 қаңтары және 30 маусымы мерзімі аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттаудан өткізіліп, тестілеуден барлығы 66580 адам өтіп, қорытындысы бойынша 18982 азамат (28,5%) - өте жоғары, 45422 азамат (68,2%) - тиімді, 2089 азамат (3,1%) - қанағаттанарлық нәтижеге тапсырды.

Мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестациясы олардың мәртебесі мен білім деңгейін анықтайтын айқындайтын шараларының бірі болып табылады. Сондықтан да, мемлекеттік қызметшінің мәртебесін асқақтату күрделі және ұзақ процесс. Сол себепті, әр қызметкер өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсап, халқына адал да қалтқысыз қызмет жасап, өз ісіне жауапты болғаны абзал.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қорытындылай келе, мемлекеттік қызметші - арнайы білімі бар, мемлекеттік қызметте жұмыс жасау қабілеті мен тәжірибесі бар маман. Ол өз кезегінде, ҚР Конституциясын және заңнамасын сақтауға; «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңының 10 бабына сәйкес, мемлекеттік қызметші ҚР Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын қабылдауға; азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға; функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға; лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға; қызметтік тәртіпті сақтауға; ҚР заңдарында белгіленген шектеулерді сақтауға; қызметтік әдепті сақтауға; басшылардың бұйрықтары мен өкімдері, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған болса, оларды орындауға; мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға; лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге және басқа да міндеттерді абыроймен орындауға міндетті.

Көріп тұрғандарыңыздай, қызметші төзімділігі оның басты сипаттамасы болып табылады.

«Сіздердің барлықтарыңыз - жоғары билік өкілдерісіздер, сіздер - мемлекеттің бір бөлігісіздер және де сіздер нақты іс - қимылдардың үлгісі болуларыңыз керек», - деген болатын Н.Ә.Назарбаев. Олай болса, мемлекеттік қызметкер болу - зор құрмет, ол халық пен мемлекет арасындағы алтын көпір қызметін атқарып тұрғандықтан, бұл өте жауапты да, қиын және қызықты қызмет екенін айтпасада хақ. Сол себепті мемлекетімізге кәсіби қызметінде пайдаланатын білімдері, дағдылары мен икемдері бар білікті мамандар қажет.

Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, ол үнемі заман ағымына сай дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін əрқашанда бейімделуге қабілетті болуы шарт. Заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Алайда, жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылысты, түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсу үшін туындаған мүмкіндіктерді сақтап қалу, одан əрі нығайта түсу оңай емес. "Біздің басты күшіміз – бірлікте" - демекші, Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдыру басты жалпыға ортақ мақсат.

Байқасаңыздар, алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға толастар емес, керісінше, артуда. Бұл дегеніміз, бізде бұрынғыдан да табыстырақ алға басуымыз үшін барлық негіз бар, тек ол үшін Елбасымыз жариялаған жаңа реформаларды жүзеге асыруға баршамыз жұдырықтай жұмылып, аянбай еңбек етуіміз керек. Сол кезде ғана алдағы асулар мен белестерді бағындыратындығымыз, алдымызға қойған межеге жететіндігіміз сөзсіз.

 

 

Ақтөбе облысының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маман – сот мәжілісінің хатшысы                                                   Ә.Ж.Ахмет

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

3 пікір

  1. аватар
    Lorena 10 октября 2023 15:45

    Wow! This blog looks just like my old one!
    It's on a entirely different subject but
    it has pretty much the same layout and design. Superb choice of colors!


    Also visit my web blog ... Charli

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив