Сотта жаңа технологияларды қолданудың оң нәтижелері

Сотта жаңа технологияларды қолданудың оң нәтижелері

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі қарқынды жүруде.    Мемлекет басшысының  «100 нақты қадам» - ұлт жоспары еліміздің өркендеуіне, алға қойған мақсаттарымызға жетуге жол ашады. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз  ұлттың  бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады.    Мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев «100 нақты қадам» - ұлт жоспарында  біз өз жеріміз бен оның байлығының ұқыпты иесі болуға үйренуіміз қажет, сонымен қатар жаңа технологияларды меңгеріп, тарихымызда ешқашан болып көрмеген өндірістік қуаттар мен экономиканың тұтас салаларын іске қосу өзекті мәселе.   ХХІ ғасырдың ортасына қарай Қазақстан Республикасы әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына қол жеткізуге тиіспіз.  

Сот жүйесіндегі реформаның мәні тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталған. Оны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі мен жаңа «Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заң қабылданды. «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық-іс жүргізу кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қажетті өзгерістер енгізілді.     Бәрінен бұрын, жаңартылған заңнамалар қоғамның сот жүйесіне сенімін арттыруға ықпал ететін болады.    Сот реформасының маңызды қыры – сот төрелігінің бес сатылы жүйесінен үш буынды жүйесіне өту болды. Тек бірінші, апелляциялық және кассациялық инстанциялар қалды. Бұл жерде көп іс қаралатын бірінші және апелляциялық инстанциялар соттарының рөлдері айтарлықтай күшейтілетін болады. Мұндай қадам соттық әуре-сарсаңның алдын алып, сот шешімін қабылдаудың мерзімін қысқартады    Қазақстандағы сот төрелігі азаматтардың жеке өмірінің құпиялығына кепіл құқын есепке ала келгенде барынша ашық бола түседі.     Сот залдары сот істерін аудио және видеожазудың аппаратураларымен жарақтандырылды және жазбаларды қандай да бір тоқтатуға немесе редакциялауға мүмкіндік берілмейді. Әрбір сот отырысы аудио және видеоға жазылады. Бұл судьяларды және сот мәжілісіне басқа да қатысушыларды тәртіпке шақырады, сот процесі мен сот қабылдаған шешімнің объективтілігін қамтамасыз етеді. Сондықтан судьялар қабылдайтын шешімге ықпал ету мүмкіндігі мүлдем болмайды.    

Сонымен қатар, мемлекеттік сот орындаушыларын кезең-кезеңімен қысқарту арқылы жеке сот орындаушыларының институты одан әрі дамытылуда. Сот актілері мен атқару парақтары жеке сот орындаушыларға электронды түрде жолданады.    Қазіргі кезде сот саласына  жаңа технологиялар енгізілді, бұл сот қызметкерлерінің жұмысының ашықтығын көрсетеді, және қағазбастылықтан арылтып отыр. Халықпен жұмыс істеуде перспективасы зор ақпараттық сервистердің бірі – «Сот кабинеті» сервисі. «Сот кабинеті» арқылы сотқа электронды түрде талап арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы тәртіп арқылы қадағалап отыруға болады. Бұл қызмет аясында жаңа заман талабына сай үн-бейнежазба құрылғыларын енгізіп, сот отырысының электронды хаттамасы қалыптастырылады. Жасалған хаттаманы сот отырысының қатысушылары ғаламтор арқылы «Сот кабинетінен» көруіне болады. Пайдаланушының қалаған уақытында сот құжаттарын қарауға, іс бойынша сот актілерін басып шығарып алуына мүмкіндігі бар.  Үйінен шықпай ақ адвокатына, заңды өкіліне сенім хат осы сервис арқылы жолдауға болады, сонымен қатар егер нотариустың қызметі ақылы болса, сервис арқылы жолданған сенімхат үшін мемлекетік баж төленбейді. Осы жылдың өткен кезінде 118 талап арыз электронды түрде түсті, ол 100 пайыз құрайды. Талап-арыздан басқа құжаттар, яғни хат алмасулар барлығы дерлік электронды түрде жүруде. Құқықбұзушылар да сот қаулысын интернет-желісі арқылы көруіне мүмкіндіктері бар. Сонымен бірге тағы бір  бастама ол электронды қылмыстық істер, ағымдағы жылдың басынан барлық соттарда электронды қылмыстық істер қарап, оның артықшылықтарын бағалауда.  Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімділігі, ашықтығы мен тиімділігі тәсілдерінің бірі болып табылғандықтан ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдемек. Бұл орайда сотта істерді қарауда  жұмсалатын қаражаттың да үнемделетінін айта кету  керек.

Бүгінгі таңда тағы бір жаңашылдық, бұдан былай тараптардың сот отырысына келуі - шарт емес. Өйткені, сотта  «Виртуалды сот» пилоттық жобасы іске қосылды. Енді Фемида өкілдері арыз беруші мен айыпталушыдан бейне конференция байланысы арқылы жауап ала алады. Бұл үшін арнайы бағдарламаны смартфоныңызға көшіріп алсаңыз болды. Үйден шықпастан сот процессіне қатысу мүмкіндігі берілген, яғни арызданушы мен айыпталушының сотқа келмеуіне рұқсат берілген. Тараптар қашықтықтан-ақ процесске қатыса алады. Ең бастысы - гаджеттерінде арнайы бағдарлама   болса жетіп жатыр. Бүгінде бұл мүмкіндікті барлық азамат пайдалана алады. Мысалы ол, сырқаттанып қалған немесе іссапарда, болмаса, өзге аймақ аумағында жүрген адамдар үшін өте тиімді. Бас-аяғы 1 сағаттық процесске бұрынғыдай арнайы келудің қажеті жоқ. Өркениет игілігін пайдалана білсеңіз болғаны.

Сот жүйесінде, істерді қарау барысында  жаңа технологияларды қолданудың нәтижелері оң бағасын алуда. Бұдан әрі заманауи құрылғылар орнатылып, жаңа технологияларды қолдану  одан әрі қарай жалғастырылады.  

 

Семей гарнизоны әскери сотының

кеңсе меңгерушісі                                                              

Р.Бигазина

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив