Нұрлы болашаққа – 100 қадам

Нұрлы болашаққа – 100 қадам

Ұлт жоспары - елді, халықты ортақ жауапкершілікке жүктеп, ұлы істерге бастайтын ұлы белес, ұлы асу. Мінекей сол себепті де, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам» бағдарламасы біздің елімізді дамудың жаңа тарихи сатысына шығаруы тиіс.

Осыған байланысты, Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары- қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы баспасөз беттерінде жарияланған болатын. Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» бұрын-соңды ешбір мемлекеттің тарихында болмаған бірегей құжат десек асыра сілтегендік емес. Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың қадамдарынан тұрады.

         Аталған жоспарда сот жүйесіне аса маңызды рөл бөлінген. «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» аясында мемлекеттің құқықтық жүйесін қалыптастыратын 19 нақты қадам қарастырылып, олардың 11 қадамы мемлекеттің сот жүйесін реформалауға бағытталған. Тәуелсіз сот әділдігі мен қазақстандық құқық қорғау жүйесі тек азаматтардың құқықтары мен бас еркіндіктерінің іске асуына, заңдардың нақты орындалуына және құқық тәртібінің нығаюына бағытталуы тиіс. Бұл біздің еліміздің көздеген мақсаттарына, алға қойған армандарына жол ашпақ.

         «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көптеген маңызды мәселелер көтерілді. 16-қадамда азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, апелляциялық, кассациялық сот төрелігі жүйесіне көшу туралы нақты да анық айтылды. Елбасы бұл жөнінде: «Апелляциялық және кассациялық инстанциялар қалады. Бұл жерде көп іс қаралатын бірінші және апелляциялық инстанциялар соттарының рөлдері айтарлықтай күшейтілетін болады. Мұндай қадам соттық әуресарсаңның алдын алып, сот шешімін қабылдаудың мерзімін қысқартады. Сот залдары дыбыс және бейнежазба аппаратураларымен жасақталады және жазбаларды қандай да бір тоқтатуға немесе редакциялауға мүмкіндік берілмейді. Бұл сот процесі мен сот қабылдаған шешімнің шынайылығын қамтамасыз етеді», – деп нақтылағаны белгілі.

         Ендігі жерде сот істері дыбыс-бейнежазба құралы арқылы жүзеге асырылады. Ұлт жоспарында сот жүйесінің ашықтығына ерекше мән берілген. Атап айтқанда, 20-қадамда «Барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу көзделген. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс» деп жазылған. Бұл қадам арқылы қарапайым халық сот процесінің әділ өтетіндігін байқайды. Сот саласына қатысты осындай түйткілді жаңартулар адам және оның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді көздейді.        

Аталған мәселелер әділ сот төрелігін жүзеге асырудағы шешім қабылдайтын, даулы мәселелер мен адам тағдырын шешетін әрбір судьяның өз мандатына толық сай болуын қамтамасыз етеді, осылайша өз кезегінде халықтың сот билігіне деген сенімі нығаяды.

 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық

сотының бас маманы-сот отырысы хатшысы

М.М.Баярстанова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив