«Төрелік» - ақпараттық жүйесінің мүмкіншіліктері

«Төрелік» - ақпараттық жүйесінің мүмкіншіліктері

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының тұжырымдамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 2016 жылдың басынан Республиканың барлық соттарында «Төрелік» ақпараттық жүйесі енгізіліп, толық қолданыла бастады. «Төрелік» ақпараттық жүйесін енгізуінің ең басты мақсатының бірі сот органдарының және сот отырыстарының ашықтығы  болып табылады.

«Төрелік» ақпараттық жүйесі іске қосылғаннан бастап өзінің ыңғайлығын және үнемділігін көрсетіп, сот қызметкерлерінің жұмысын ілгерітті. «Төрелік» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері кеңінен тараған, аталған жүйе ақпараттық деректермен жедел алмасуға шұғыл түрде мүмкіншіліктер береді, іс-жүргізу мерзімдерін бақылау мен автоматтандырылған есептерін жүргізуге, статистикалық есептерді және талдау есептерін қалыптастыруға, іс жүргізу мен сот ісін жүргізуді оңайлатуға және тағыда басқа мүмкіндіктері бар. Бұл жүйе басқа мемлекеттік мекемелермен ақпарат алмасуға қолайлы, жүйені пайдаланушыларға тіркеу рәсімдері де жеңілдетілген, ақпарат алу жүйесі де жеделдетілген, барлық тіркеу түрлері онлайн режимінде көруге болады. Аталған ақпараттық жүйе сот қызметкерлерінің тәртіптілігін арттырады және құжаттардың орындалуын созбалауға жол бермейді. Сонымен қатар, сот саласын дамыту және неғұрлым жеңілдету, қолжетімді ету мақсатында «Сот кабинеті» сервисі енгізілді. Осы сервиспен азаматтар үйлерінде немесе жұмыс орнында ғаламтор арқылы электронды түрде талап-арыздарын, өтініштерін және т.б. хаттарын беру мүмкіншілігі де қарастырылған. Тіркелген талап арыздың әрі қарай деректемелері толтырылып әрбір істің санаты бойынша «Төрелік» ақпараттық жүйесінде автоматты түрде судьяларға бөлінеді. Бүгінгі таңда кез келген сатыдағы қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге қатысты кез келген тараптардан сотқа түскен талап арыздар өз кезегінде судьяларға база арқылы автоматты түрде әр санат бойынша бөлінеді. Ақпараттық жүйе арқылы істерді (материалдарды) автоматты түрде бөлудің бірден бір мақсаты талап арыз берген тараптардың істі қарау барысында автоматты түрде бөлінген судьяларды білмеуі, осыған сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оны  жою болып табылады. Істі судья өз өндірісіне қабылдаған кейін, іс бойынша шығарған барлық сот актілерін «Төрелік» АЖ-не енгізіп электронды цифрлік қол таңбасын қойғаннан кейін, тараптар «Сот кабинеті» сервисі арқылы осы сот актілерімен үйлерінде немесе қалаған орында танысуға болады.

«Сот кабинеті» сервисіне тіркелу үшін электронды цифрлық қолтаңба арқылы және ЖСН немесе БСН және құпия сөз (пароль) бойынша жүзеге асырылады. Құжаттарды заңды тұлғаның өкілі жолдау барысында авторландыру БСН, жеке тұлғалар үшін ЖСН арқылы жүргізіледі. «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы сотқа электрондық түрде құжаттарды жолдау тәртібі туралы нұсқаулық http.//office.sud.kz адресінде енгізілген.

Заманға сай, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану сот саласы қызметінің қолжетімділігі, ашықтығы мен тиімділігі тәсілдерінің бірі болып табылғандықтан ақпараттық жүйелерді қолдану сот қызметкерлерінің және сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдейді.

 

Қазақстан Республикасы Әскери

сотының ақпараттық технологиялар

және ақпараттық ресурстарды қорғау

бөлімінің басшысы Б.Ибраев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив