Жуалы аудандық сотында «Мемлекеттік тілдің  латынға көшудегі алдағы перспективалары»   атты атқырыбында семинар өтті.

Жуалы аудандық сотында «Мемлекеттік тілдің латынға көшудегі алдағы перспективалары» атты атқырыбында семинар өтті.

 

Іс-шараға аудандық соттың судьясы А.Замбаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.А.Махамбетов және бас маманы Ф.Оразымбетова, Жуалы ауданы әкімшілігінің білім бөлімінің әдіскері Б.Ж.Шоева, соттың кеңсе меңгерушісі С.А.Ералиев және сот қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында С.А.Махамбетов қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығымен латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілгенін, «Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің біріңғай стандарты болып тәжірибелік тұрғыда кезең-кезеңімен, жүйелі және жоспарлы түрде жүзеге асырылады деді атап өтті.

Өз кезегінде, судья А.Замбаев өз сөзінде, латын әліпбиіне көшу мемлекеттің дамуындағы маңызды кезең екенін атап, ол әлемдік қоғамдастыққа сәтті интеграциялануға мүмкіндік беретінін, «Дүние жүзінде төрт миллиард адам қолданатын латын әліпбиінің жаһандық орнын ескере отырып, жаңа графиканың енгізілуі білім жүйесінің әлемдік стандарттарға бейімділігін арттыратынын, отандық ІТ ортаның дамуына әкелетінін, бизнес-қауымдастықтың инновациялық әлеуеті мен халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті көтеретінін», - атап өтті.

Атап айтсақ, судьялар мен сот қызметкерлері ағымдағы жылдың 14 қарашасында өткен жалпыхалықтық диктантқа қатысқан, бұл бір жағынан латын тілін меңгеруге серпіліс берді.

 Іс шараның соңында қатысушылар аталған тақырып бойынша тығыз қарым қатынасты жалғастырып, қазақ тілінің латынға көшу идеясын қолдауға оң көзқарас білдірді.

  

Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив