Электронды санкциялаудың ерекшеліктері

Электронды санкциялаудың ерекшеліктері

Сот жүйесін жетілдіру – өзін азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басымдылық ретінде таныған құқықтық мемлекет деп белгілейтін әрбір мемлекеттің басты мақсаттарының бірі екені анық. Сот төрелігі институтының ашықтығы, әділдік, заңдылық, соттардың тәуелсіздігі – бұның барлығы ең басты құндылықтардың бірі болып табылатын сот жүйесіне деген халық сенімінің кепілі.    

Ұлттық сот жүйесінің реформалау іргелі стратегиялық өзгерістердің бірі екені даусыз. Қазақстанның құқықтық жүйесі дамудың жаңа кезеңін бастан кешіріп жатыр. Соңғы жылдары еліміздің сот жүйесінде елеулі оң өзгерістер орын алып жатқанының куәсі болып жүрміз. Сот жүйесі реформасының басты бағыттарының бірі ретінде соттардың жұмысында заманауи алдынғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдануды атап өтуге болады.

Қазіргі заман жетістіктерінің бірі – Интернет жүйесі мен соңғы технологиялар мүмкіндігін сот саласында да кеңінен пайдалануға жағдай туғызылды. Әсіресе, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілген сыбайлас жемқорлықтың туындау себептерін айқындау мен олардың алдын алу мәселерінде жаңа технологияларды қолданудың пайдасы мол.

Соттар толыққанды электрондық іс жүргізуге көшірілді, оны сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі қатамасыз етеді. Бұл жүйеде соттардағы іс жүргізудің барлық ішкі процестері шоғырланған: істерді және жадығаттарды автоматты түрде бөлу, электрондық құжаттарды, есептерді қалыптастыру, мұрағаттау және т.б. «Төрелік» жүйесі барлық қолданыстағы электрондық сервистерді бір жүйеге біріктіруге мүмкіндік берді.

Соттың және сот билігінің беделін нығайту, қоғамда соттың әділдігіне, бейтараптығына және тәуелсіздігіне сенімді орнықтыру және сот төрелігінің жариялылығы мен ашықтық қағидасын іске асыру үшін «электронды санкциялау» пилоттық жобасы республика соттарының басым бөлігінде жүргізілуде. Онда тергеу судьясы өтінішті қарағаннан кейін, «Төрелік» АЖ арқылы «Бірыңғай сотқа дейінгі тергеулер реестірі» ақпараттық жүйесіне тиісті қаулыны жолдау, яғни тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша алуды санкциялау процессі сәтті сынақтан өтілуде. Бұл тергеушінің, іс жүргізуші прокурордың және тергеу судьясының электрондық нысанда өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоба Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі арқылы тергеу және анықтау органдарының өтінішхатты қосымша материалдарымен бірге прокурорға келісу үшін электронды түрде ұсыну тәртібін регламенттейді. Егер өтінішхатты прокурор қолдаған жағдайда материалдар тергеу судьясына қарау үшін жолданады, оның нәтижесі бойынша прокурор мен сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын тұлға тергеу судьясының уәжделген хаттамасын электронды түрде алатын болады.

Аталған жаңашылдық тергеу әрекеттерін санкциялау туралы материалдарды ұсыну және оның нәтижесін білуге кететін уақытты барынша қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, қылмыстық процесті жеңілдетіп, сапасын арттырады.

Қорыта келе, электронды санкциялау – жұмыс сапасының жақсаруына елеулі оң ықпалын тигізетін айтарлықтай фактор екеніне көз жеткізіп келеміз. Бұл өз кезегінде соттардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтың, жалпы қоғамның соттарға деген сенімін арттырып, сот органдарының оң имиджін қалыптастырары сөзсіз. Бұған қоса, жұмыс барысында заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сыбайлас жемқорлықтың туындау себептерін болдырмауға өз септігін тигізеді.

ХVIII ғасырда өмір сүрген қазақтың атақты биі – Ескелді би «Ақылды елді оздырады, ақылсыз өзін-өзі тоздырады» депті. Бұл қанатты сөздер қазіргі кезде де өміршеңдігін жоғалтпағандай. Әрбір реформаны ақылдың байыбымен атқарып, елімізді оздырғымыз келсе заман көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай ілгерілей беруіміз қажет.

 

Ақтөбе қаласының мамандандырылған

тергеу сотының кеңсе меңгерушісі                                            

Г.Ихсанова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив