Оралда сотталушыны оның әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылықтың құрамы болмауына байланысты ақтады

Оралда сотталушыны оның әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылықтың құрамы болмауына байланысты ақтады

 

Теректі аудандық соты Қылмыстық Кодекстің 389 бабы 1 бөлігімен электрондық қылмыстық іс қарап, сотталушы Х-ны оның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты ақтады.

Аталған тұлға қолма-қол зейнетақы және жәрдемақы сомаларын тұрғындарға беру бойынша өз функционалдық міндеттерін атқару барысында, танысы Т-ға  бұрын қарызға берген 5000 теңге мөлшеріндегі өзіне тиесілі ақша сомасын қайтару мақсатында, соңғының 10000 теңге мөлшерінде ақшасын заңсыз иемденген.

Х-ның әрекеттерін ҚК-нің 389 бабы 1 бөлігімен аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық ретінде дұрыс емес саралануы, ал істің нақты жағдаяттарына сәйкес сотталушы әрекеттерін өзінің еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмағаныны Х-ны ақтауға негіз болды. Сөйтіп, сотталушының әрекетінде аяқталған қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы емес, өзінше билік ету қылмысына оқталу белгісі болған.  

ҚК-нің 24 бабы 4 бөлігіне сай, қылмыстық жауапкершілік тек ауырлығы орташа қылмысқа, ауыр немесе аса ауыр қылмысқа оқталғаны үшін, сондай-ақ, террористік қылмысқа оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайтынын ескере отырып, сот Х-ны кінәсіз деп танып, оның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты ақтады.

Ақталған Х-ның қылмыстық іс жүргізу органының заңсыз әрекетерімен келтірілген зиянды өтеу құқығы танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

    Э.Есенгалиева.          

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив