«Татуласу: сотқа дейін, сотта»

«Татуласу: сотқа дейін, сотта»

 

Мұғалжар аудандық сотында «Сот төрелігінің  жеті түйіні» бағдарламасының «Татуласу: сотқа дейін, сотта»  жобасын іске асыру шеңберінде татуласу рәсімдерінің мәселелері талқыға салынды.

Шараға Мұғалжар аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаев, билер кеңесінің төрағасы А.Ш.Адаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Ешауов, аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілі Р.Ә.Төребеков, Қандыағаш қалалық әкім аппаратының өкілі К.Ж.Мусин, кәсіпқой медиатор Г.М.Иманбаева және  кәсіпқой емес медиаторлар А.Б.Тыныштыкулова, А.Т.Реш, Е.Жанузаков қатысты. 

Шара барысында аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаев «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Жоғарғы Сотпен атқарылыпп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, соттардағы даулардың көбейе түскенін, мәселен, әрбір төртінші неке бұзылады және бала әкенің не ананың толыққанды тәрбиесінен тыс қалатыны туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, төраға 2018 жылғы сот жұмысының есептілік кезеңіндегі статистикалық мәліметтеріне тоқталып өтті Аудандық сотта 2018 жылдың 10 айында 117 қылмыстық істің арасынан 41 іс медиация тәртібімен аяқталғаны, ал азаматтық іс бойынша 1155 істің 53 іс бойынша татуласуға қол жеткені туралы айтты.

Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асановтың «сәл дау туа қалса сотқа жүгірмей, ортақ шешім іздеп, татуласу керек» деген халыққа үндеуін еске салды. «Осы мақсатта жақында Жоғарғы Сот өкілдері өңіріміздегі зиялы қауым өкілдерімен үлкен кездесу ұйымдастырды. Оның қорытындысы бойынша татуластыру рәсімдерін насихаттайтын мобильді топ және құрамында беделді қайраткерлер мен көсбасшы жастардан тұратын Билер кеңесін құру туралы шешім қабылданды», - деді А.Т.Анарбаев Сонымен қатар, ауданда Билер кеңесі құрылғанын, оның  төрағасы ретінде өмірлік тәжірибесі мол, беделді азаматтарымыздың бірі - Адаев Аманжол Шунгулович тағайындалғанын айтып өтті. 

Іс-шараға қатысушылар Жоғарғы Соттың татуласу рәсімдерін дамыту жөніндегі бастамаларының қажеттілігі мен қоғамдық маңыздылығына тоқталып өтті, сот төрағасы А.Т.Анарбаев шара соңында  бұл бағыт бойынша жұмыстың белсенді түрде жалғаса беретінін еске салды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив