Заң үстемдігін қамтамасыз ету

Заң үстемдігін қамтамасыз ету

Мемлекетте және қоғамда сот жүйесінің міндеті – әділеттіліктің, заңдылықтың, демократияның, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғалуының кепілі болып танылуында жатыр. Судьяға кәсіби даярланған болу, қажетті іскерлік және жеке қасиеттерге, сонымен қатар жоғары моральды-этикалық қасиеттерге ие болу міндеті жүктелген.

       Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ұсынылған 100 нақты қадам Ұлт жоспарында, Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 ел қатарына енуге әкелетін, қоғам мен мемлекеттің түбегейлі өзгеруіне бағытталған, 5 президенттік реформалар көрсетілген.

       Бес институционалдық реформалардың ішінде заң үстемдігін қамтамасыз ету негізгілердің бірі болып белгіленген. Сот жүйесін нығайту, отандық фемиданың беделін көтеру, жоғары квалификацияланған судьялар корпусын қалыптастыру қажеттілігі – кадрлық жұмыс сапасын жоғарылату, қабылданған шешімдердің заңсыздығы үшін жауапкершіліктерін көтере отырып, судьялардың тәуелсіздігін күшейту мұқтаждығын туындатады. Ол үшін, азаматтар мен ұйымдардың ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы арнайы құрылған соттық жюриге судьялардың әрекеттеріне шағымдана алуында негізделген, жетілдірілген этикалық кодексті әзірлеу жоспарлануда. Жаңа құжат міндеті – судьялардың жүріс-тұрыс стандарттарын жоғарылатуын қамтамасыз ету, және салдары ретінде, халықтың қазылар қоғамдастығына сенімін арттыру болып табылады. Дәл фемида қызметкерлерінің этикасы, кез келген әділ сотқа қажетті, сенімнің негізі болып тбылады.

       Жаңа кодексті қабылдаудың негізгі мақсаттарының бірі – судьялардың кәсіби және қызметтен тыс жүріс-тұрыс ережелерінің міндеттілігін қамтитын, әлдеқашан бар болған нормаларды нақтылау. Судья мамандығы кез келген басқа тіршілік әрекетіне қатысты басым болуы тиіс, сондықтан этикалық кодексті ұстану жай ғана механикалық сипаттағы ұстану емес, ішкі наным, өмірлік ереже болуы қажет. Тағы бір маңызды шарт бұл – судьяның біліктілігі және адалдығы. Судья мамандығы ең қиын және жауапты заңгерлік мамандықтардың бірі болып табылады, сондықтан өзінің біліктілігін жоғары деңгейде ұстап, оны тұрақты негізде жоғарылату, өзінің кәсіби білімін кеңейту, жеке қасиеттерін дамыту қажет.

       Қазақстан, мемлекеттің Коснтитуциясына, әрбір қазақстандықтың сотта дауды әділетті шешу құқығын қамтамасыз етудің жалпы мойындалған қағидалар мен нормаларына негізделіп, судьялардың жаңа этикалық кодексін қабылдай отырып, дамыған, білікті, тәуелсіз және әділ соттың құрылуы үшін қажетті шарттарды құрайды.

 

Кәмелетке толмағандар істері

жөніндегі мамандандырылған

ауданарлық сотының судьясы                                            

А.Ж.Кабылдаевна

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив