Сот жүйесін ақпараттандыру бағыттары кеңеюде

Сот жүйесін ақпараттандыру бағыттары кеңеюде

Қазақ халқының көрнекті ағартушы –ғалымы, алғашқы ұстазымыз Ы.Алтинсарин технологиясы дамыған елдерді бізге үлгі тұтып:

Өнер –білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды,

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды,-деп жырлап кеткен. Жедел ақпарат алмасудың озық технологиясы дамыған ғасырда сотқа жүгінудің де инновациялық тәсілдері іске қосылды. Қазақстан Республикасы соттарында ақпараттық технологияларды белсенді түрде қолданудың нәтижесінде халықтың басым бөлігі қағазбастылық пен соттардағы ұзын-сонар кезектен арылып, үйлерінен шықпай-ақ сот төрелігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи жобалардың игілігін көріп отыр. Осы жаңашылдықтарды халықпен бөлісе отыру – біздің негізгі міндетіміз.

Жоғары Соттың сайтында 2014 жылы «Сот кабинеті» сервисі іске қосылды. Сервистің қызметін пайдаланып отырған, Электронды цифрлық қолтаңбаға (әрі қарай ЭЦҚ) ие  азаматтар ешқайда шықпай сотқа талап арыз, шағым, өтініш, пікір немесе қарсы талап арызды электронды түрде беріп, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуде. Аталған сервиске деген халықтың сұранысы күн санап артуда. Оған дәлел, 2016 жылдың 12 айында Ақмола гарнизоны әскери сотына «Сот кабинеті» арқылы электронды түрде 340 талап арыз тіркелсе (82,7 %), 2017 жылдың 12 айында 425 талап арыз келіп түскен (98,7 %), 2018 жылдың 9 айында 238 (100 %) арыз тіркелген.

Ақпараттық сервистің қызметіне қызығушылық танытқан жеке және заңды тұлғаларға, Жоғары Соттың sud.gov.kz сайтының «Халыққа қызмет» бөлімінде «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі туралы нұсқаулығымен танысу мүмкіндігі бар.  

Жаңадан енгізілген «Төрелік», «Дыбыс-бейнежазба» сынды бағдарламалар сот процестерінің аудио және бейне тіркеуінің жетілдірілген жүйесі шын мәнісінде, сот төрелігі ашықтығымен қамтамасыз етудің ғаламат құралына айналды. Сот процесінің әрбір қатысушысы қазіргі таңда Сот кабинетіне кіріп, процестің бейне және аудио жазбаларымен таныса алады. Осылайша, сот өндірісіндегі барлық процестер ашық бола түсуде. Себебі, жариялылық – іс жүргізу кодекстерінде сот ісін жүргізудің негізгі қағидасы болып бекітілген.

Осылайша, бүгінгі күні, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі енгізіліп, сот ісін жүргізуде қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдер пайдаланып, ақпараттық технологиялар арқылы Қазақстан халқына ақпараттық қызметтер көрсетіліп, сот жүйесінің тиімділігін, қолжетімділігі мен ашықтығын одан әрі арттыруға қажетті жағдайлар жасалды. Жалпы кез-келген азамат бүгінгі күннің оңтайлы жетістіктерін іс жүзінде пайдаланудың тиімділігін білгені жөн.

                                                               

                                                                                     А.Кульманова

                                                   Ақмола гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив