Алқабилер ақиқатқа жүгінеді

Алқабилер ақиқатқа жүгінеді

«Алқабилер туралы» заң 2007 жылдың қаңтарында қолданысқа еніп, аса ауыр қылмыстарды қарайтын қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық соттың құрылған уақытынан, яғни 2009 жылдан бастап алқабилердің қатысуымен сот процестері өтіп келеді.

Сот ісін жүргізудегі аудандық соттардан аталған соттың басты ерекшелігі-ҚР Қылмыстық процестік кодексінде көзделген талаптарға сәйкес, сотталушы өзіне қатысты сот талқылауын алқабилердің қатысуымен қарауға өтініш білдірген жағдайда, заң тәртібімен таңдап алынған, «Алқабилерге үміткерлердің» тізімімен әр жастан жоғары, мемлекеттік жұмыс жасамайтын, психикалық және наркодиспансерде есепте тұрмайтын, қоғамға жақындастыру бойынша таңдалады. Алайда, қоғамда алқабилер туралы заңды азаматтарға теледидар, радио, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізу шаралары толығымен жүргізілмей жатыр. Сондықтан іс бойынша алқабиге үміткерлерді сотқа шақыру кезінде көптеген проблемалар туындайды. Ол хаттардың кейбіреуі көрсетілген мекенжайға дейін жетеді, кейбіреуі азаматтың ол мекенжайда тұрмауына байланысты кері қайтып келеді. Бірақ, сотқа шақыру қағазына алған күнде де, ол азамат оның не қағаз екенін, алқабидің кім екендігін, өзінің құқықтары мен міндеттерін білмегендіктен бұл жағдайға немқұрайлы қарап, белгіленген уақытта сотқа келмеген фактілер де орын алуды. Осыған байланысты, сот мәжілісінің хатшылары пошта арқылы хабарлама жолдаумен қоса, олардың үй телефондарына қонырау шалып, барлық жағдайды телефон арқылы түсіндіруге мәжбүрлі. Алқабиге үміткерлермен телефон арқылы тілдесу кезінде олардың басым көпшілігі алқабидің кім екендігін, оның мәртебесі қандай екенін, сотқа шақыру қағазын алғаннан кейін сотқа келуге міндетті екенін, сотқа алқабиге үміткер ретінде, содан кейін іріктеуден өткен жағдайда сотта алқаби ретінде қатысу оның азаматтық борышы екенін түсіндірудің үстінде боласың. Осы орайда айта кететіні алқаби құрамына белгіленген әрбір азамат Қылмыстық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен, өзінің ішкі сенімі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның тағдырына аса жауапкершілікпен қарап, өзінің көзқарастары мен өмірлік тәжірбиелері негізінде ар-ұятқа, инабаттылық пен мәдениеттілікке сүйене отырып, сот төрелігін жүзеге асыратын халық өкілі екенін ұмытпағаны жөн. Осы тәртіптер жүзеге асса, әр азаматтың сот реформасын алға дамытуға қосқан зор үлесі болып табылатыны анық.

І-ші сатылы аудандық соттың өкілеттігіне алқабилермен істерді қарау қарастырылмайды. Себебі, тек аса ауыр қылмыс дәрежесіндегі істерде алқабилер өкілдік ете алады.

 

Судья                                                                 

А.С.Мұсабеков

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив