Бітімгершілік –дауларды реттеудің бірден бір жолы

Бітімгершілік –дауларды реттеудің бірден бір жолы

Қа­­зақс­тан Рес­пуб­­ликасы Конс­ти­ту­ция­сының 13-ба­бының 1-бө­­лі­гінде дауларды сотқа де­йін ба­­­ла­малы негізде ше­шу­дің конституциялық не­гіз­гі принципі көрсетілген: «Әр­кімнің құқық субъектісі ре­тін­де танылуына құқығы бар жә­не өзінің құқықтары мен бос­тандықтарын, қажетті қор­ға­­ныс­ты қоса алғанда, заңға қай­­шы келмейтін барлық тә­сіл­дер­мен қорғауға хақылы».

Елімізде 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Рес­пуб­ликасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды.

«Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда «делдал», «екі тарапты келістіруші үшінші адам» деген мағына, қарапайым сөзбен айтқанда, бітімгершілік.

Бітімгершілік арқылы екі жақтың мәмілеге келуі – Қазақ елінің ертеден  келе жатқан би­лер сотындағы ең тура жолдың бі­рі. Ауыл-үй арасында мал да­уы, жер дауына байланысты ру­лы елдер арасындағы түрлі дау-дамайларды ара ағайынның ара­ласуы арқылы шешу – рулар ара­сын­дағы елдің бірлігін, жердің тұ­тастығын сақтап кел­ген. Бі­тіс­пес араздыққа бар­май, кісі өлі­мі­не соқтырмай қан­құйлы ауыр қыл­мыстардың ал­дын алуда ерек­ше рөл ат­қар­ғанын, Қазақ елі­нің та­рихынан аңғаруға болады.

Осы тұр­­ғыдан алғанда бітімгершілік жолын – біздің ата-бабаларымыздың дәс­түрлі құқығының не­гі­зінде мыңдаған жылдар бо­йы ұс­танып келуі бекер емес.

«Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» дегендей, бүгінгі заманның билері - судья араласуымен сот тараптарының мәселелері  өзара келісіммен шешілуде. Құжаттағы татуласу келісіміне қойылатын талаптарға сәйкес қос тарап арасындағы келісім жазбаша нысанда жасалады. Мұндай жолмен татуласу талапкерді төленген мемлекеттік баждан босатуы - заңдағы ынталандыру тетіктерінің бірі.

 Дауларды татуластыру рәсімімен жүзеге асырудың тағы бір артықшылығы даулардың шешу мерзімдерін қысқартуға, тараптардың шығындарын азайтуға септігін тигізеді.

Қоғамдағы кез келген қайшылық пен дауды келісім аясында шешуге қолданыстағы заңнамалардың бітімгершілік рәсімдері мен медиация тәсілдері мол мүмкіндік берері анық.

Ендеше, ме­диа­ция, яғни бітімгершілік тәуелсіз елі­міз­дің өркениетінің дамуына зор үлесін қосып, мін­сіз қыз­мет көрсететіні сөзсіз.

 

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандырылған ауданаралық

әскери сотының кеңсе менгерушісі                                                 

Шынжанова А.Қ.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив