Қазақ КСР еңбегі сіңген заңгері Қойшыбай Нұрабаевтың 90 жылдығына орай

Қазақ КСР еңбегі сіңген заңгері Қойшыбай Нұрабаевтың 90 жылдығына орай

Уақыт бой бермей, жылдам ағуда. Күн аймен, жылмен, онжылдықпен, ғасырмен ауысуда. Күнделікті қарбалас өмірде уақыттың жылдам ағымы байқалмайды. Өткенді ұмыта бастаймыз, ал кейбірі мүлде өшіріліп қалады. Алайда, жақын адамдар туралы естеліктер жоғалмау керек, өйткені өткенсіз келешек жоқ.

Күнтізбеде 2018 жылдың сәуір айы, осы ай біздің шаңырағымыз үшін әкеміз  - Қойшыбай Нұрабаевтың туған күнімен тікелей байланысты,  арамызда болса 90 жасқа толар еді.

Ол 1928 жылы 13 сәуірде Жезқазған  (қазіргі Қарағанды) облысы Жезді ауданы Қарсақпай ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Жастайынан өмірдің қиын кезін, аштық пен салқынды басынан өткізген. Қиын-қыстау 30-жылдары жаппай аштық, қирау, өлім  әр жаққа түгел отбасы, ауыл, рулы елді жан-жаққа тастаған шақта, әкесіз қалған ол анасымен және кіші інісімен  жақсы өмірді іздеп, оңтүстік аймаққа көшкен, туысқандарымен Тәжікстанда, кейін Ташкент облысында өмір сүрген. Өзге елде екі ұлын тұрғызу оңайға соқпады, сондықтан ағасының нұсқауымен көнгіш әрі мақсатқа талпынған Қойшыбайды білім алу үшін балалар үйіне береді, онда орта білім алып шығады. Жастық шағы соғысқа дейінгі және соғыс жылдарына келеді. 

Әкем айтқан қиын кезде, ол анасына келгенде үнемі қол үшін бергісі келіп, шамасы келгенше қосымша ақы тапқан. Демалыста жолдағы тұз тасушылардың түйе айдаушысы болып та жұмыс істеген. Бір күні кеңес мерекесі қарсаңында колхозда дереу плакат шығару керек болатын, суретті ешкім сала алмайтын, каллиграфиялық жазуы әрі сурет салуға икемі  бар әкем жұмысқа кірісіп кетеді. Оған қызыл мата, ақ бояудың орына бор мен бір кәрзеңке жұмыртқа береді. Жұмыртқаның ағы мен бордан ақ бояу жасап, қажетті плакатты жазып, еңбегіне ақысын алып, бір кастрюль жұмыртқаның сарысын анасына алып келген екен.

 1944 жылы орта мектепті үздік аяқтап, Ташкент облысының Букин аудандық халық сотының сот отырысының хатшысы болып жұмысқа кіріседі.  Мүкін сол кезден бастап заңгер, нақтырақ айтқанда судья болу тілегі оянған шығар.  Өзін еңбекқор және ұқыпты қызметкер ретінде танытып,  Ташкент заң институтына жолдама алады, оған 1945 жылы түседі, сонымен қатар тек өзбек тілінде оқыған.  Сол кезде тағдыр студент шағында кейін республиканың танымал заңгерлері болған тұлғалармен кездестіреді, олар академик А.Еренов, профессор С.Байсалов, А. Стамкулов. 1949 жылы институтты үздік аяқтап, жолдамамен Ақмола облысына жіберіледі, Еркіншілік ауданының заң кеңесінің адвокаты болып жұмысын бастайды.  Алған білімін практикада қолданған жас адвокат көптеген процестерде жеңіске жетіп, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіргендіктен халықтың зор құрметіне бөленеді.

         Жас маманның сауаттылығымен біліктілігін Ақмола облысы әділет басқармасы облыстық басшылығы  байқайды, 1951 жылы сәуірде басшы орынбасары ретінде шақырылады. Әділет органдарында 2 жылдай қызмет атқарып, әкем сот жүйесіне ауысады, содан бастап құрметті демалысқа дейін мінсіз әрі адал атқарған еңбек жылдары басталады.  Ақмола облыстық сотында еңбек еткен жылдары кең көлемді кеңестік дәуірнамасына келген, ол - тың және тыңайған жердерді игеру, Тың өлкесінің дамуы, сол уақытта 1957 жылғы наурызда «Тың жерлерін игеру үшін» медалімен марапатталған.

           1959 жылы оны Ресейдің әділет Министрлігі заңгерлер білімін жетілдірудың жоғары курсына Мәскеу қаласына жолдайды. Курста  алған теориялық және практикалық білімін сот төрелігін іске асыруда білікті түрде қолданады. 1961 жылы сол кездегі Ақмола қаласында жұмыс іссапарымен жүрген Қазақ КСРО Жоғарғы Сотының төрағасы Күнтуар Сүлейменов жас сауатты судьяны байқап, оны Тың өлкесі бойынша Жоғарғы Соттың тұрақты  мүшесіне, кейін  Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесіне ұсынған. Сол уақыттан бастап, оның республикамыздың Жоғары сот органында ұзақ қызметі басталады. Әкеме қазақстандық сот төрелігінің қалыптасуы мен дамуына орасан үлес қосқан, судьялар қауымына танымал Күнтуар Сүлейменов, Бекайдар Жүсіпов, Қайыр Мыңбаев, Ғалым Елемисов, Тамас Айтмұхаметов, Александр Пушечников сынды тұлғалармен жұмыс істеу, олардың басшылығында қызмет атқару бақыты бұйырған.

         1971 жылы қол жеткізген көрсеткіштері мен сот төрелігін атқару ісіндегі еңбегі үшін әкеме «Қазақ КСР еңбегі сіңген заңгері» атағы беріледі. 

Жоғарғы сотта жұмыс істегенде басшылық оған тәжірибелі әрі білікті судья ретінде қиын, көп эпизодты әрі көп томды қылмыстық істерді қарауды тапсырады.  

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары сол кездегі Одақ бойынша Краснодар өлкесі, Өзбекстан, Мәскеу қаласында аты шулы пара алғандарды ұстаумен, қызметтік жағдайларын теріс пайдаланумен, социалистік меншікті тонаумен байланысты қылмыстық істер толқыны белен алған. Біздің республикамызда да ондай аты шулы істер болған. Оның бірі  «Қарағанды тері ісі» деп аталатын іс еді.

70-жылдардың басында КСРО МҚК мен и Қазақ КСР тергеу органдарымен Саран, Қарағанды және Абай кен өндіріс комбинаттарында ұзақ уақыт басқарған қылмыстық топ әшкерленген. Оның құрамына қаланың сауда кәсіпорындары мен елдің көп қала басшылары, комбинат басшыларынан тысқары милиция қызметкерлері де енген.  Көптеген қылмыстық істерді тергеу аясында екі жүзден астам айыпталушы тартылған ол бір ай уақытты алған. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысында 600 жуық куәгерден жауап алынған, 35 құжаттамалық тексеріс, 178 сот, соның ішінде 135 жазба, 17 бухгалтерлік, 11 тауарлық және басқа сараптамалар өткізілген, 27 тергеу эксперименті жүргізілген және іске  30 мыңдай тергеу және бухгалтерлік құжаттар қоса тіркелген. Кейін аталған қылмыстық іс көлемі бойынша ұқсас болмағандықтан заңгер-практиканттар арасында  үлгі ретінде зерделеу нысаны болады.  Қылмыстық топ басшыларына қатысты 180 томнан тұрған, 20-дан аса адам енген қылмыстық іс, үлкен қоғамдық пікір туғызғанын ескере, Жоғарғы Соттың басшылығының шешімі және Қазақстанның КП ОК келісімімен  К.Нұрабаевқа тапсырылған.

Қарағанды қаласына барып өткізетін сот отырысында істі қарау 9 айға созылды, өзінің кәсіби әрі ұйымдастыру шамасын пайдалануды қажет етті. Үйреншікті жағдайдан, отбасынан тысқары, үлкен эмоциялық әрі дене жүктемелерін басқа да қиындықтарды басынан кешіп, іс білікті түрде қаралды.  

Есімде сол қылмыстық істі зерделегенде, әкем студент ұлы менен  журнал-кесте жасауымды сұрады, онда барлық сотталушылар, айыптау эпизодтары, дәлелдемелері, олардың орналасқан жерлері, сотта оларды растау туралы мәліметтер көрініс тапқан.

Кейінірек, қылмыстық іс қаралып болған соң, толықсыған, ұсақ жазумен толған журнал бар қылмыстық істі ұқыпты, мұқият, тиянақты талдап, оны сапалы  қарағандығының белгісі деп білдім.   

Іс бойынша үкімді оқу бір тәулікті алған. Үш сотталушы сол уақыттағы заң бойынша ең жоғарғы жазаға кесілген, қалғандары әр мерзімдегі бас бостандықтарынан айырылған. Үкімнің заңдылығы мен негізділігін өзгеріссіз қалдырған КСРО Жоғарғы Соты тексерген.  Кейін сол іс бойынша үкім тек студенттер үшін емес көптеген заңгер-практиканттар үшін де оқу құралына айналған. Сол істі қарағанда әкем денсаулығына, әсіресе көзіне ауыр жүк түсірді, алайда соған қарамастан Отанға қызмет етуін жалғастыра берді.  

1977 жылы желтоқсанда сол қылмыстық істі сәтті қарағаны үшін «Еңбек ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Партия-кеңесі үстемдік құрған шақта сот жұмыстары қатты айтылмайтын, бұл өте сирек болған жағдай еді. Қылмыстық іс оқиғалары әдебиет қоғамынан да тыс қалмай,  танымал қазақ жазушысы И.Щеголихиннің «Лауазымды тұлғалар» романына негіз болған.

 1978 жылы  сот органдарында көп жылғы және адал жұмыс үшін Қазақ КСР  Жоғарғы Кеңесінің Құрмет  Грамотасымен марапатталған.

Кеңес Одағы таралғанға дейін Қазақ КСР  аумағында сол шақтағы Мәскеу-Орталығына  бағынатын географиялық картада жоқ көптеген сынақ полигондары, жабық қалалары болған,  құпиялық тәртіп жағдайында арнайы сот құрамдары, арнайы прокуратура, арнайы милиция жұмыс жасаған.  Әкем ұзақ уақыт арнайы соттардың істерін қарайтын Жоғарғы Соттың екінші құрамын басқарған.

Негізгі жұмысынан тысқары қоғамдық өмірде де белсенділік танытқан, ұзақ уақыт  Қазақстанның КП ОК партия комиссиясының мүшесі болған.

Қазақ КСР Жоғарғы Сотының судьясы болып 30 жылдай  жұмыс істеп,   1989 жылғы наурызда құрметті демалысқа шықты. Зейнеткер болса да еңбек етіп, өзінің бай тәжірибесі мен білімін жас заңгерлерге берді. 2000 жылға дейін азаматтардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғап, адвокат болып жұмыс жасады.

2003 жылы сот төрелігін атқару ісіне мінсіз қызметі мен сот жұмыстарын ұйымдастыруын жақсартуда жеке үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының құрмет Грамотасымен марапатталған.

Әкемнің аудандық сот судьясы ретінде жұмысымды енді бастаған кезде маған келгені есімде. Қайда жұмыс істеп жатқанымды, қандай істер қарап жатқанымды көрді. Сосын әңгіме барысында: «Судья болып жұмыс істеу қиын әрі жауапты. Әділдік пен шынайылылық сенің бағытың болу керек. Түрлі жағдайда сотқа келген адамдарға да оңай емес.  Кім болса да – ол еліміздің азаматы, олардың жағдайын қиындатуға тырыспа. Олар әділдік пен шынайылылыққа көп сенім артады»,-деген болатын. 

Судья болып қызмет атқарғанда және отставкаға шыққанға дейін осы сөздерді үнемі есімде сақтадым.

 

Отставкадағы судья                                                       

Мұрат Нұрабаев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

  1. аватар
    Vivian 8 февраля 2024 03:12

    Hmm it appears like your site ate my first comment (it
    was extremely long) so I guess I'll just sum it up what I wrote and
    say, I'm thoroughly enjoying your blog. I too am an aspiring blog writer but I'm still new to the whole
    thing. Do you have any points for newbie blog writers? I'd definitely appreciate it.



    My web blog: Scarlett

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив