Жаңадан құрылған «Байқоңыр» ауданының әкімі қызметіне Ерлан Каналимов тағайындалды

Жаңадан құрылған «Байқоңыр» ауданының әкімі қызметіне Ерлан Каналимов тағайындалды

Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы барысында депутаттар Астана қаласында жаңадан құрылған «Байқоңыр» ауданының жаңа әкімінің тағайындалуын мақұлдады.

«Байқоңыр» ауданының әкімі қызметіне Ерлан Каналимовтың кандидатурасы ұсынылды.

Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Каналимов Ерлан Ермекұлы 1982 жылы 22 тамыздағы Целиноград қаласында дүниеге келген, ұлты –  қазақ.

Білімі: Диплом бойынша мамандығы «Экономист, заңгер», Астана қаласының Басқару Институтында 2003 жылы, Қазақстан-Ресей университетінде 2007 жылы білім алған.

Қызмет жолы:

12.09.2003 – 05.01.2005   Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру–бақылау және кадрлық бөлімінің бас маманы.

05.01.2005 – 18.08.2005 “Сарыарқа” ауданы әкімінің кеңесшісі.           

18.08.2005 – 01.02.2006 Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру–бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы.

01.02.2006 – 01.10.2007 Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің кеңесшісі.

27.09.2007 – 01.10.2009 Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру–инспекторлық бөлімінің меңгерушісі.

02.10.2009 – 12.08.2013 Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

12.08.2013 – 03.08.2015 Астана қаласы әкімдігінің «Дағдарыс орталығы» КММ директоры.

03.08.2015 бастап “Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы” ММ басшысы қызметін атқарды.

Мемлекеттік марапаттары:

2005 жылы өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы науқанында  көрсеткен белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты.

2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін ұйымдастыруға белсене атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты.

2015 жылы өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы науқанында  көрсеткен белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты.

2005 жылы  Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығына арналған мерекелік медалі.

«10 жыл Астана» мерекелік медалі 2008 жыл

2011 жылы  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медалі.

2015 жылы  Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік медалі.

2015 жылы  Қазақстан Республикасының мемлекеттік силығы «Ерен еңбегі үшін» медалі.

Үйленген, төрт баласы бар.

 

Астана қаласы Әкімінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив