«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында ұласқан мәселелерді жүзеге асыру

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында ұласқан мәселелерді жүзеге асыру

Болашақта әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылып, мәң¬гілік елге айналуды мақсат еткен қазақстандықтарды алға жетелейтін Ұлт жоспары ел дамуы үшін маңызы зор. «Құқық тәртібі мен заңдылық» бөлімінде Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінде азаматтардың құ¬қық¬тары мен бостандықтарын қам¬тамасыз ету, заңдарды қатаң орындау және құқық тәртібін нығайту басты ұстанымымыз болуы керектігі айтылып, заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында Азаматтық процестік кодекс пен «Жоғары Сот Кеңесі туралы» заң қабылданғандығы, сонымен қатар, «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық процесуалдық жә¬не Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге қажетті өзгерістер енгізілгені дәйектелді.

Сот төрелігі бес сатылы жүйесінен үш сатылы жүйесіне көшті.

Жыл басынан «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» аясында мемлекеттің құқықтық жүйесін қалыптастыратын 19 нақты қадам қарастырылып, олардың 11 қадамы мемлекеттің сот жүйесін реформалауға бағытталған. Тәуелсіз сот әділдігі мен қазақстандық құқық қорғау жүйесі тек азаматтардың құқықтары мен бас еркіндіктерінің іске асуына, заңдардың нақты орындалуына және құқық тәртібінің нығаюына бағытталуы тиіс. Бұл біздің еліміздің көздеген мақсаттарына, алға қойған армандарына жол ашпақ.

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көптеген маңызды мәселелер көтерілді. 16-қадамда азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, апелляциялық, кассациялық сот төрелігі жүйесіне көшу туралы нақты да анық айтылды. Елбасы бұл жөнінде: «Апелляциялық және кассациялық инстанциялар қалады. Бұл жерде көп іс қаралатын бірінші және апелляциялық инстанциялар соттарының рөлдері айтарлықтай күшейтілетін болады. Мұндай қадам соттық әуресарсаңның алдын алып, сот шешімін қабылдаудың мерзімін қысқартады. Сот залдары дыбыс және бейнежазба аппаратураларымен жасақталады және жазбаларды қандай да бір тоқтатуға немесе редакциялауға мүмкіндік берілмейді. Бұл сот процесі мен сот қабылдаған шешімнің шынайылығын қамтамасыз етеді», – деп нақтылағаны белгілі.

Ендігі жерде сот істері дыбыс-бейнежазба құралы арқылы жүзеге асырылады. Ұлт жоспарында сот жүйесінің ашықтығына ерекше мән берілген. Атап айтқанда, 20-қадамда «Барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу көзделген. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс» деп жазылған. Бұл қадам арқылы қарапайым халық сот процесінің әділ өтетіндігін байқайды. Сот саласына қатысты осындай түйткілді жаңартулар адам және оның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді көздейді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Сот төрелігін үлкен өмірлік тәжірибесі бар және жоғары моральдық ұстанымдарға ие ең лайықты әрі барынша дайындалған кәсіби шеберлер жүзеге асырулары тиіс», – деп нақтылады. Азаматтардың сот жүйесіне сенімділігі судьялардың кәсібилігіне де тікелей байланысты. Судья лауазымына кандидаттарды іріктеудің қатаң тетігі мен жоғары біліктілік талаптары күшейтілуі сот жүйесіне оң әсер етеді. Әрі судьяларды іріктеу мен тағайындау ашық түрде өткізіледі. Қазақстан соттарын реформалаудағы мәселе – сапалы судьялар корпусын жасақтау болып саналады. Судья қызметіне үміткердің кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілеу жүйесін енгізу, үміткердің соттарда ақылы түрде төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтуі, одан кейін судьяның бір жылдық сынақ мерзімінен өтуі тиіс екені талап етілді. Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, олардың этикасы, судья лауазымына үміткерлерді таңдау тетігі жаңа талаптармен толығуда. Ендігі жерде сот жүйесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету жолында судьялардың әділдігі де талап етілмек. Бұл жөнінде Елбасымыз «Ең бастысы, сатылмайтын сот билігінің болуы елдің бүкіл құқықтық жүйесінің сапалы жұмысының міндетті шарты болып табылады», – деген болатын.

Судья лауазымына кандидаттарды дайындау және іріктеу жүйесінің өзгеруі сот корпусын тек қана кәсіби тұрғыда ғана емес, сонымен бірге өмірлік мол тағылымы бар, барынша тәжірибелі әрі дайындығы жоғары мамандармен нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды, өйткені, бүгінгі таңда біздердің кейбір жас судьяларымыз қиындыққа шыдамай, жұмыстан кетіп жатады.

Судья кадрларын дайындау жүйесінде Сот төрелігі институты маңызды рөлге ие. Оны Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясынан бөліп алып, Жоғарғы Сот қарауына берілді. Академия магистранттарды оқытуды, іс басындағы судьялардың біліктілігін арттыруды, сонымен қатар ғылыми-зерттеу қызметін жүргізетін болды. Жоғарғы Сот кеңесі жанындағы сәйкесінше органға біліктілік емтиханын тапсырған судьяға кандидаттардың тағлымдамадан өтуі де Сот төрелігі Академиясында ұйымдастырылады. Одан кейін судьялар корпусын жасақтау тек қана Академия түлектері есебінен жүзеге асырылады.

Еліміздің абыройын асқақтату –әр азаматтың абзал борышы! Ұлт жоспарының орындауына бірігіп күш салысып ерекше көңіл бөлу қажет. 

 

Ерназарова Жанар Амангельдиевна

Астана қаласы Есіл ауданы №2

аудандық соты кеңсе меңгерушісі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив