Еңбек күні

Еңбек күні

Еңбек адамның  ең маңызды табиғи жетістігі, себебі: ол адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, яғни тамақтануға, тұрғын үй  иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге , өнерге және тағы басқа осы секілді өмір сүру қажеттіліктерін қанағаттандырады. Еңбек тек қана адамның қажеттіліктерін емес, сонымен қатар табиғаттың  қажеттіліктерін толықтырады, себебі, қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады.  

Адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесі. Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілетерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет.

Халықтың жағдайын жақсару үшін де, мемлекеттің экономикасын арттыру үшін де әртүрлі жастағы адамдар арасында, өсіп келе жатқан жас ұрпақ арасында еңбекке деген құрметті ояту, еңбек мәдениетін жандандыру қажеттілігінің маңыздылығы артты. Сондықтан, 2013 жылдың 22 қараша айында Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен адам еңбегінің қоғам мен барлық адамдар үшін маңыздылығын артыру мақсатында, қыркүйек айының соңғы жексенбісін «Еңбек күні» мерекесі деп бекітті. Осы мерекемен қатар «Еңбек ардагері» деген төсбелгісі жасалып, әртүрлік өндіріс саласындағы қызметкерлерге, қызмет нәтижесіне орай берілетін болды. Бұл «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» - дегендей, азаматтарды өз еңбегін сүйіп, барынша сүйіспеншілігімен атқарып, оның жемісін көруге шақырады.

Осыған орай, көп жағдайда еңбек бірлескен немесе ұжымдық сипатты иеленеді. Бірлескен еңбектің нәтижесінде адамдар қоғамдық еңбек қатынастарына қатысады. Мұндай жағдайда еңбектің екі түрі бар, ол: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек және жалданбалы еңбек. Дәл осы жалданбалы еңбек қатынастарын – жұмыс берушімен қатынасқа түсукен сәттен бастап еңбек құқығы реттейді. Және де, меншік иелері мен меншік иесі емес тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің түрі – аралас нысандағы еңбек те болады. Еңбек құқығы еңбек қатынастарын  және еңбек қатынастарынан туындайтын қатынастарды реттейтінін көрсетеді. Ең бастысы, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы кодексімен қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған болатын. Еңбек қатынастарын реттеу кезінде қолданылаттын қағидалар өздерінің реттеушілік әсерімен еңбек құқығының барлық субъектілерін (қызметкерлерді, жұмыс берушілерді, еңбек ұжымдарын және олардың өкілдік органдарын) қамтиды. Қағидалар субъектілердің құқықтары мен міндеттерін жариялап қана қоймай, сонымен қатар, олардың шын мәнінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Еңбек пен бақыт егіз - дегенімен еңбек еткен адам бақытты болады. Міне еңбекпен тапқан нан осы.


Бас маман- сот

отырысының хатшысы                                                                 

Укенова Ә.Ж.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив