Тілдің мемлекеттегі маңызы

Тілдің мемлекеттегі маңызы

Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нысаны- мемле­кет­тік тіл. Мемлекеттік тіл - тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен рухани болмысының негізгі тірегі. Тіл- ұлттың өзіндік бейнесін анықтайтын рухани келбетін көрсететін төлқұжаты. 

Істі қазақ тілінде жүргізу керек деген мәселе 1997 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданған сәттен бері және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығымен бекі­тілген тілдерді қолданумен дамытудың мемлекеттік бағ­дарламасын 1998-2000 жыл­дар аралығында іске асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тіл құрылысы процестерінің одан әрі кеңеюі мен тереңдеуі үшін алғы шарттар жасалды. 

Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сай білуді қажет ететін кәсіптер, мамандықтар мен лауазымдар тізбесін заңдық түрғыдан бекіту орайында мемлекеттік қызметшілерге қатысты мәселелер уәкілетті органдар тарапынан ойластырылып, көп кешікпей бір шешімін табары анық. Мемлекеттік тіл мәселесі ешқашан назардан тысқары қалып көрген емес. Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру, нығайту бағытындағы жұмыстар үнемі жалғасын табуда.

Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық дініміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры да. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие.

Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.

Тіл туралы Заңның 4-бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және ісқағаздарын жүргізу тілі», – деп жазылған. Бірақ та, айтылғанымен, жазылғанымен бір құжатты алсақ, кез келген мекемеде алдымен ол орыс тілінде даярланады. Ол нені білдіреді? Демек ана тілімізді толық білмеуімізде. Еліміз ақыры тәуелсіз ел екен осыған орай, онда тіліміз де жеке дара тәуелсіз болуы керек емес пе? Біздің бұрынғы ұрпақ жете алмаған арман-мұраттарға біз жетуіміз керек деп ойлаймын. Қазіргі таңда соған орай, бірталай мүмкіндіктер толық жасалып келеді. «Еңбек – түбі береке» деген мақал босқа айтылмаған. Сондықтан күш-жігерімізді аямай, толық еңбекетіп, табысты жұмыс жасауымыз керек. Тәуелсіз еліміз үшін аянбай еңбек етсек, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосқанымыз деп ойлаймын.

Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

 

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының жетекші маманы А.Әзімбекова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

2 пікір

  1. аватар
    Davida 10 апреля 2024 13:05

    Greetings from Carolina! I'm bored at work so I
    decided to check out your website on my iphone during lunch
    break. I enjoy the info you present here and can't wait to take a look when I get home.
    I'm surprised at how quick your blog loaded on my mobile ..

    I'm not even using WIFI, just 3G .. Anyways, excellent site!


    Here is my web blog - vente en ligne
    de aciphex

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив