Азаматтық құқықтықтағы өкілдік

Азаматтық құқықтықтағы өкілдік

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Ата бабаларымыз «Жеті жарғы»  заңымен ел арасындағы ішінара, сыртқы, кішілі және үлкенді дауларды шешіп халқымыздың міндеттерімен құқықтарын реттеп бағыт-бағдар беріп отырған. Абызды сөзге шешен ақыл, ойы жүйрік бабаларымыз кедей кемпіктің, жалдымен жағалының дауларын өзара таутулықпен шешіп беріп отырған. Қазіргі таңда, заманымызға сай сенімхатпен әрбір азаматтың сенімді өкілі болады. Сенімхатпен өкіл болған азамат немесе азаматша заңды білімі бар жоғары, қабілетті, осы дау-дамайға заң саласынан хабары бар тұлға, кез-келген жеке тұлғаның сонымен қатар, жеке ұйымның, мемлекеттік ұйымның атынан міндерімен айқындап құқықтарын қорғай алады.

Сот саласында азаматтық, қылмыстық және әкімшілік  тағы сол сияқты басқада салалардағы азаматтардың құқықтарын сенімхатпен өкілдері қорғауда. Қарапайым халықтың арасында жиі кездесіп жатады: өз міндеттерімен құқықтарын білмеуі. Сол себептен, қоғам арасында қарама-қайшылықпен кейкілжің пайда болып, дау жан-жалға оның соны өлім жітімге әкеліп отыр. Сенімхатта көрсетілген барлық талаптарға сай болған азамат сенімді өкіл болып табылады.  Өкіл өкілет беруші атына әрекет жасасада; мәміле және басқа да заңдық әрекет жасауда өз еркін білдіреді. Осы жағдаймен оның қабілетіне жоғары талаптар және мәміле жасау шынайылығының тікелей тәуелділігі байланысты. Өкілге қарағанда жіберуші бір тұлға еркін пікірін, ойын, екіншісіне өткізеді, бірақ өз еркін  білдірмейді. Сенімхат ретінде бір тұлғаның екіншісіне үшінші тұлға алдындағы өкілеттігі үшін берілетін жазбаша құқы түсіндіріледі. Көп жағдайда сенімхат ерікті өкіл жібруші мен өкіл арасында келісім иемденбесе, сенімхат беру өзінің заңдық табиғаты бойынша бір-жақты мәмілені көрсетеді. Құқық шегіде өкілмен жасалған кез-келген мәліметтер және басқа да заңдық әрекеттер өкіл жіберуші үшін міндетті сипатқа ие. Сенімхатқа ұысынылатын талаптары бар. Сенімхат заң мәмілесәне ұсынылатын барлық талаптарға сәйкес келуі,  керек. Сенімхат құқықтық заңдық әрекет жасауға ғана берілуі мүмкін; өкіл жіберушінің еркі еркін қалыптасып, сенімхатқа анық көрсетілуі тиіс, заңды тұлғаға берілген сенімхат арнайы құқық субъектілігін қайшы келмейтін мәміле жасауға ғана қатысты болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы жастарымызға зор мүмкіндіктер беріп отыр, білім алуға, шет елге барып өз білімдерін арттыруға, өзге елдің салт-дәстүрімен танысуға тағысын тағы мол мүмкіндіктер жасап келеді. Шел елде оқып, өз еліміздің құқықтарын шынайы жан ашырлықпен қорғап жүрген азаматтармызда бар. Өз елеміздің ішінде де, алған білімдерін қалың халықпен бөлісіп, қолданысқа қолайлы жақтарында тәжірибе ретінде кеңінен таратып, «өзге жұрттың бәрін біл, өз елінді құрметте» деген ұранмен қолға алып жүр.

Қазақстан Республика болып, өз тәуелсіздігін өз қолына еншілегенен бермен қарай, әрбір азамат өз міндерін құқықтарын толық түсініп, дау-дамайға кейлікпесе екен деген үлкен үмітпен зор еңбектер жасап жүрміз. Нәтижесі алдағы уақыттарда емес, сәт-сәтімен жемісін берсе екен деп көш басында тұруға ынталы елдің біріміз. Басшы мықты болмай... баланың белі бекем болмас, демейме аталарымыз.

Атамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Тәртіпке бағынған құл болмас, тәртіпсіз ел болмас», халық мақалдары: «Ел іші алтын бесік», «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» дегендей еліміз тыныш, байрағымыз биік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай. Әрбір қазастандық азаматтың жүрегіндегі басты тілек осы.  Ең басты қасиет адамзатқа берілген Адамгершілік деген құндылығымызды бойымыздан суытып алмай, тату болайык. Сонда заңда да, елде де, малда да тұрақтылық болатындығына мен кәміл сенімім мол.   

 

Астана қаласы

Сарыарқа аудадық сотының

жетекші маманы                                          

Калиева Фариза Бауыржановна

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив