Судьяның әдеби кодексі

Судьяның әдеби кодексі

Қазақстан Республикасының сот жүйесін рефомалау осы мемлекеттің сот жүйесіне ғана емес, сонымен қатар судьяның конституциялық-құқықтық мәртебесіне де өзгеріс енгізді. Оның негізгі мақсаты сот билігін жүргізушілердің кәсібилігін арттырып, мықты жүйге айналдыру болып отыр.

Әрбір мемлекет өзінің дәстүрін, қолданылып отырған заңнамасын, қағидаларын ескере отырып, судья әдебі кодексін шығаруға тиіс. Бұл ҚР Президентінің «100 нақты қадам» бес институционалды реформасында да айтылып өтті.

Судья әдебі кодексі бойынша судья сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі билік өкілеттіктерін өзіне қабылдай отырып, тәртіптік әдеп қағидаларын сақтауға байланысты шектеулерді ерікті түрде өзіне жүктейді. Қазақстан Республикасы атынан сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тек Конституция мен заңға бағыну судьяның адамгершілік және моральдық-әдептік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Судья әдебінің кодексі бойынша кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, халықаралық құқық нормалары мен жалпыға бірдей қағидаларға сүйенеді.

Бұл кодекс Қазақстан Республикасының барлық судьяларына, сонымен қатар отставкадағы судьяларға да қатысты қолданылады.

Судьямен судья әдебі кодексін бұзуы заңмен реттелген тәртіпте тәртіптік жауапкершілік тартуға алып келі мүмкін.

Судья заңдарды бұлжытпай сақтауға және судьяның мәртебесін қадірлеуге, өзінің ар-ожданымен жеке басының қадір-қасиетін сақтауға міндетті.

Судья сот билігінің беделін түсіретін, судьяның абырой-беделіне нұқсан келтіретін және сот төрелігін жүзеге асыруы кезінде оның объективтілігі мен тәуелсіздігіне күмән тудыратын жағдайлардың бәрінен қандай жағдайда болмасын өзін аулақ ұстауға тиіс. Жұмыстан тыс кезінде судья өзін оның тәртіптілігі пен адалдығына дақ түспейтіндей етіп ұстауға тиіс. Оның әрекеттері мен қылықтары судья атағына дақ түсіруге және сот билігінің беделін кемітуге тиіс емес.

Судья сот жүйесінің беделін түсіретін барлық түсіндермелерден аулақ болуға тиіс. Судья өзінің кәсіби қызметінде және қызметтен тыс кезіндегі тәртібі қоғамның оған сенім білдіруі тиіс. Судья сыпайы, төзімді, әдепті болуға және сотқа қатысушыларға құрметпен қарауға тиіс. Сонымен қатар судья ұқыпты және жинақы болуға тиіс. Ол құжаттармен және істермен, мемлекеттің меншігімен және қызметтік куәлігіе ұқыпты болуға тиіс. Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқау кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды.

         Өзінің кәсіби міндеттерін орындаудан жалтаруға құқығы жоқ. Ол сот жүйесінің тиімділігін арттыруға ат салысуы тиіс. Судья объективтілік, беделі мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында сот және судьялардың қызметі туралы ақпараттың кәсіби қамтылуына ықпал етуі тиіс.

Судья қоғамдық және өзге де байланыстардың оның кәсіби қызметіне ықпал етуіне жол бермеуі қажет.

Судья қызмет бабын өзінің жеке басының мүдделері, отбасы мүшелерінің, туыстары мен жақындарының мүдделері үшін пайдалануға тиіс емес.

            Бір отбасы мүшелерінің сот құрамы бойынша әріптесі болуға жол берілмейді. Соттан тыс судьялардың мінез-құлқы мен келбеті өзінің лауазымының мәртебесіне сай болуы тиіс.Судья өзінің және Судьяның әдебі кодексі міндеттерін дұрыс атқару жағдайында, ғылыми, педогогикалық, шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.Сот алқасының және соттардың төрағалары судьялардың тәуелсіздігіне қол сұқпауға тиіс. Әділеттілікті жүзеге асыру барысында судьяның қызметіне араласып, әкімшілік әсер етуге құқығы жоқ.

 

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының бас маманы                                                                                

А.Әлиев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив