Судьялық әдеп кодексінің талаптарын орындау міндетіміз

Судьялық әдеп кодексінің талаптарын орындау міндетіміз

2016 жылы 20 қарашада өткен, Республика судьяларының VІІ-ші съезде  судьялардың жаңа Әдеп Кодексі қабылданды. Судья әдебі кодексімен көзделген моральдық-этикалық нормалар мен жүріс-тұрыс ережелері мүлтіксіз сақтал­са, қандай да жағдай болмасын, сот төрелігін жүзеге асыру барысында оның объективтілігі мен тәуелсіздігіне күмән тудыратын іс-әрекеттерге жол берілмейді.  Әрине, адам тағдырына араласып, билік айту үшін нағыз заңгер әрі психолог та болу керек. Жалпы, судьяның сөз сөйлеуі мен пайым-парасаты өзгелерге үлгі. Судьяның мәртебесі мен қызметі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңында қаралған. Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіре­тін заңдарды немесе өзге де нор­ма­­тивтік құқықтық актілерді қабыл­дауға жол берілмейді. Ал осындай мәртебеге ие болған судья әр­бір істі жүрегінен өткізіп, адал, әділетті, қарапайым, парасатты ­болуы міндетті. Судья қызметте, үйде, тіпті демалыста болсын, әрқа­шан да көпшіліктің алдында жү­ретін мемлекеттік қызметкер. Дөрекілік танытпау, дауыс көтер­меу, дүниеге қызықпау мен қатар, бас­қаларды мұқият тыңдай білу судья үшін ең қажетті адами қа­сиет­тер. Міне, біле білсек, судьялық әдеп­тің жаңа кодексінде осы міндеттер айқындалған. Ендеше бар­лық судьялар Судьялық әдеп кодексінің талаптарын бұл­жытпай орындауы тиіс.

 «Мемлекет басшысы біздер­ге нақты міндеттер жүктеді. Біз сот ісін жүргізуді одан әрі жеңілдету, заңнаманы жетілдіру және судьялар корпусының кәсібилігін арттыру жұмыстарын жалғастыратын боламыз. Қазіргі таңда Жоғарғы Сот бірыңғай сот практикасын қалыптастыру мен сот жүктемесін азайтуға бағытталған жобаларды іске асыруда. Бұл бағытта сот әкімшілігін реформалау жұмысын да назардан тыс қалдырмауымыз керек. Біз, ең әуелгі кезекте, сот әділдігін сапалы жүзеге асырып, соттарға деген сенімді арттырып, сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуіміз қажет», дейді Қайрат Әбдіразақұлы.  Соттардың имиджі мен тәуел­­сіздігін, сондай-ақ судья­лар­дың әлеуметтік мәртебесін арттыру бойынша Жоғарғы Сот барлық шараларды қабылдауда. Жоғарғы Сот Төрағасынан бас­тап, республикадағы әр судья үшін азаматтардың се­ні­мі маңызды болып табылады. Адамдардың құқына мұн­дай маңыз берілген жерде қашанда сот әділдігі салтанат құратындығы анық. Ал мұның бәрі ел абыройын асырудағы Елбасы сілтеген жолмен жүрудің жемісі дейміз. 

 

Мұғалжар аудандық сотының судьясы Ж.М.Сейтжапаров

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив