Ұлтымыздың болашағы  мен тіліміздің тағдыры бөлінбейтін егіз ұғым

Ұлтымыздың болашағы мен тіліміздің тағдыры бөлінбейтін егіз ұғым

Қазіргі уақытта  республика  көлемінде  мемлекеттік тіл саясатын дамыту  мәселесіне  зор көңіл бөлініп отырғаны  белгілі. Елбасы өзінің жыл сайынғы  дәстүрлі Жолдауында мемлекеттік тіл саятсатына, оның ішінде  мемлекеттік тілге қатысты  өзекті  мәселелерді жиі көтеріп келеді.

«Тәрбие басы- тіл» деп Махмұд Қашқари бекер айтпаса керек. Кез- келген қазақ топырағынан өсіп- өнген әрбір азаматтың перзенттік парызы тілге деген құрметтен басталуы керек. Тілді білу, меңгеру отбасынан, балабақша мен мектептен  бастау алуы қажет. Тілмен бірге  дұрыс тәрбие  қатар берілуі тиіс.Әл-Фараби бабамыз, сонау  заманда- ақ «Балаға ең бірінші тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім- келешек оның өміріне  опат әкеледі» деп айтып кеткен екен. Тіл барлық кезеңде  ұлттық идеяның  басты  діңгегі мен мемлекеттік иделогияның негізгі іргетасы  саналады. Тіл арқылы тілдесе де, бірлесе де аламыз.

Бойында қазақтың қаны бар әр адамды Отанға деген сүйіспеншілік, өз ұлтына, дініне, тіліне деген мақтаныш сезімі рухтандыруы керек.

Мемлекеттік тіл үшін жасалған әрбір қадам-ел бірлігінің күшейтуге бағытталған қадам. 

Бір қуантатыны басқа ұлт өкілдерінің  арасында мемлекеттік тілді  жан- тәнімен үйренушілер де және  жауапкершілікпен қарайтын да жандардың көбеюі. Міне, сондықтан мемлекеттік тіл- қазақ тілі қоғамдағы өзінің лайықты орнын алатынына сенімім мол.  

 

Астана қ. Алматы аудандық сотының

бас маманы                                                                                   

Саутбаева Г.А.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив