«Сот кабинеті»  сервисінің мүмкіндіктері мен жетістіктері

«Сот кабинеті» сервисінің мүмкіндіктері мен жетістіктері

«Сот кабинеті» азаматтарға сот органдарының электрондық сервистеріне бір терезеден қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

«Сот кабинеті» сервистерін пайдалану үшін, міндетті түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет, аталған қолтаңбаны пайдаланушының жеке куәлігі негізінде халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады. Қолтаңба арқылы тіркеліп, http://office.sud.kz/. сілтемесі арқылы нұсқаулыққа жүгіне отырып тіркелу қажет. Аталған сервиске тіркелгеннен кейін пайдаланушы анықатамалар мен нұсқаулықтарды оқу арқылы «Сот кабинетінің» барлық мүмкіндіктерімен таныса отыра өз қалауы бойынша пайдалана алады.

 «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисінің мүмкіндіктері мен жетістіктеріне тоқталып өтсем, оның бірі  «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы.

Мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің «Сот кабинеті» веб-нұсқасына қарағанда артықшылықтары, пайдаланушының ЖСН және ұялы телефон нөмірі көрсетіледі және көрсетілген ұялы телефон нөміріне СМС арқылы құпия сөз келеді, сол арқылы қосымшада авторланады.

Қосымшаны мобильдік қондырғыға жүктеу арқылы, ешқайда бармай-ақ, ұялы телефон арқылы Қазақстан Республикасы Сот жүйесінің жаңалықтарын және сот органдарына жолданған барлық құжаттарды көруге, сот құжаттарының мәртебесін бақылап отыруға, күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сіз қол қоймаған және сот органына жібермеген өтініштер туралы ақпаратты көруге және мәтіндік хабарламалармен алмасуға мүмкіндіктер береді.

«Сот кабинетін» және «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасын пайдалану арқылы әр адам мен баршаның қолы жетуі қамтамасыз етіледі, үйінен шықпай-ақ немесе жұмыс үстелінен ұзамастан интернет желісі арқылы сот актісімен танысып, оның тұжырымы мен негіздемесін анықтай алады, уақыты үнемделеді.

 

Әйтеке би аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Б.Сарсенбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив