Соттарда құжатайналым жүйесі жетілдірілуде

Соттарда құжатайналым жүйесі жетілдірілуде

Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

2016жылдан бастап Қазақстан Республикасы сот органдарының «ТӨРЕЛІК» ақпараттық-талдау жүйесінде іске асырылуда, бұл жаңашылдықтың мақсаты - іс жүргізу ақпаратын, шығарылған шешімдермен танысу, қаулылармен,  сот ұйғарымдарымен және басқа да қажетті ақпараттарды сот ісін жүргізуге қатысушыларымен шұғыл алу болып табылады.

«ТӨРЕЛІК»  жүйесімен тіркеу, сот актісін енгізу, сот отырысының уақытын толтыру және т.б.  іс әрекеттер жүргізіледі.

«ТӨРЕЛІК» ақпараттық-талдау жүйесінің артықшылықтары, яғни осы жүйе басқа мемлекеттік органдармен ақпарат алмасуға қолайлы, жүйені пайдаланушыларға тіркеу рәсімі жеңілдетілген, ақпарат алу жүйесі жеделдетілген, барлық тіркеу түрлері он-лайн режимінде жүргізіледі.

 Сот ісін жүргізудің заманауи жүйесін енгізу бойынша қойылған тапсырмаларды орындауда, барлық сотқа қатысушыларды тиімді және сапалы қызмет атқарумен қамсыздандыру үшін, инновациялық технологияларды кеңінен қолдану бойынша  толық жұмыстар жүргізілуде, соның бірі «СОТ КАБИНЕТІ» сервисі.

"Сот кабинетінің" сервистерін пайдалану үшін сот ісіне қатысушы Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі - ҰКО ЭЦҚ) алып, "Сот кабинетінде" ҰКО ЭЦҚ қолданумен http://office.sud.kz/. сілтемесі арқылы өтіп, сервистің басты бетінде "Тіркелу" батырмасына басып, әрі қарай нұсқаулық арқылы тіркеліп, әр пайдаланушы өзіне керекті сервистерді таңдайды.

"Сот кабинеті" сервисі Қазақстан Республикасы сот органдарына арыздарды, өтініштерді, шағымдар мен өтінішхаттарды, сондай-ақ хаттарды жіберу үшін арналған. Осы сервис арқылы сот құжаттарын және істерді іздеуге, мемлекеттік бажды онлайн түрде төлеуге, істі қарау барысын қадағалауға, "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызметін ішінара алуға, "Талдау" форумына (сот практикасын қорыту) ауысуға болады.

«Сот кабинеті» азаматтарға сот органдарының электрондық сервистеріне бір терезеден қол жеткізуін қамтамасыз етеді, яғни Қазақстан Республикасы сот органдарының электрондық сервистеріне қол жеткізуге арналған бірыңғай терезе болып табылады.

 

Әйтеке би аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Б.Сарсенбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив