Судья лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптар

Судья лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.

Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген тәртiбiне қарамастан берiлген сот iстерi бойынша, сондай-ақ соттың құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi сот қараусыз қалдырады немесе тиiстi органдарға жiбередi.

Аудандық соттың судьясы болып:

      1) жиырма бес жасқа толған;

      2) жоғары заң бiлiмi, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері, мiнсiз беделі және әдетте, сот отырысының хатшысы, сот консультанты (көмекшісі), прокурор, адвокат ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі не заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар;

      3) біліктілік емтиханын тапсырған (мамандандырылған магистратурада оқу бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы емтихан тапсырудан босатылады);

      4) медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқ екендігін растаған;

      5) негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, сотта ақы төленетін бір жылдық тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған (мамандандырылған магистратурада оқу бiтiрген және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы тағылымдамадан өтуден босатылады);

      6) полиграфологиялық зерттеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады.

Судья Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға; сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi өзiнiң конституциялық мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әдiлдiгiне, объективтiлiгi мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға; сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне және сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметке заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға; судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтауға мiндеттi.

Заңның жаңа талаптарына сай судьялыққа кандидаттардың жасы жиырма беске толуы керек, сонымен қатар жоғары заң бiлiмi, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері, мiнсiз беделі және әдетте, сот отырысының хатшысы, сот консультанты (көмекшісі), прокурор, адвокат ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі не заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде он жыл жұмыс өтілі болуы керек.

Кандидаттарға қойылатын талаптардың жоғарылатуымен қатар, оларды дайындау тәртібі де қатаңдатылған.

Атап айтқанда, судья лауазымына конкурсқа қатысу үшін кандидат Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы біліктілік комиссиясына емтихан тапсыруы қажет және тұрғылықты жері бойынша соттарда тағылымдамадан өтуі керек.

Сот төрелігі академиясының мамандандырылған магистратурасында оқитын тұлғалар, емтихан тапсырады және екі жылға созылатын оқу барысында тағылымдамадан өтеді. Судьялыққа кандидаттардың соттарда тағылымдамадан өту тәртібі де өзгертілді. Бұрын кандидат тағылымдамадан негізгі жұмыс орнынан қол үзбей өтетін еді, бұл өз кезегінде тағылымдаманың сапасына әсер ететін. Ал, қазіргі таңда кандидаттың тағылымдамадан өтуі негізгі жұмыс орнынан қол үзе отырып, тұрақты негізде жүзеге асырылады және ол үшін оған ақы төленеді.

Жоғары аталған талаптар білікті судьялар болашыған алып келеді деген ойдамын.

 

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының бас маманы                                                  

А.Қ.Әлиев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

3 пікір

  1. аватар
    Fidel 26 августа 2023 12:39

    Exceptional post however I was wanting to know if you could write a litte more on this subject?
    I'd be very grateful if you could elaborate a little bit more.
    Many thanks!

    Feel free to surf to my web page; Bridgett

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив