Сот жүйесін реформалау

Сот жүйесін реформалау

ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Мами: «100 НАҚТЫ ҚАДАМ: Сот жүйесін реформалау құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған». Соттың міндеті-азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғау, заңдардың, басқа да нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету және әділ шешім шығару болып табылады. Қазақстан Республикасындағы сот беделі асқақ, мерейі үстем мемлекеттік жоғары орган болуы заңдылық болып табылады. 

Сот беделі - сот шешімдердің әділдігіне, судьялардың біліктілігіне, судьяның ұстанған ұстанымы мен жеке басының қасиетіне байланысты. 1996 жылдың желтоқсанында өткен судьялардың I съезінде республикалық судьялар одағының іргетасы қаланған болатын. Содан бері тарих үшін сот жүйесінде сан бедерлі қатпарлармен, айшықты да айқын бағыттарын белгілеген ұлан-ғайыр өзгерістер өмірге келді. Бұл жылдар тынымсыз ізденістер, сот жүйесін реформалаудағы батыл бетбұрыстар, жаңа талапқа сай әділ сотты қалыптастыру жылдары болды. Тәуелсіз мемлекеттің тұтастығын қорғап, ішкі және сыртқы саясатының пәрменділігін арттыруда, оның мызғымас заңы және осы заңды қорғайтын әділ сотының болуы басты шарт. Соттың міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғау, заңдардың, басқа да нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету және әділ шешім шығару болып табылады. Ал азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғауды бірінші кезекке қоямыз. Себебі, мемлекетіміздің басты құндылығы оның азаматтарының құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Еліміздегі мамандандырылған әкімшілік соттар 2004 жылдың 9 қыркүйегінде 803-санды Президентің Жарлығымен құрылған. 2000 жылдың 25 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Ал II-III съездерінде көтерілген өзекті мәселенің бірі - еліміздің сот саласының материалдық – техникалық жабдықталуы артта қалды. Бірақ ол да шешімін тапты, осы кезеңдерде судья кадрларын даярлау, қайта даярлау жөніндегі орталығы ашылды, соттардың материалдық - техникалық базасы нығайды. 2005 жылы өткен Қазқстан Республикасы судьяларының IV-съезінде сот жүйесінің алдына алқабилер сотының қазақстандық үлгісін қалыптастыру, анықтау мен алдын - ала тергеу қызметінде сот бақылауын кеңейту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды санкциялауды соттардың құзырына беру, сот жюриін құру., т.б мәселелері қойылған. 4 сьезден өткен уақыттан бері бірнеше заң қабылданды. Жекелеп айтар болсақ, Жоғарғы Сот Кеңесін соттардың Конституциялық құқықтарын дәйектеп, олардың тәуелсіздігі мен дербестігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет басшысының жанындағы мекеме ретінде мәртебесін белгілеп, жұмысын ұйымдастыруға бағытталған 2008 жылдың 8 қарашасында «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот кеңесі туралы» заңның жаңа редакциясы қабылданды. Сондай-ақ, «ҚР-ның сот жүйесі мен соттардың мәртебесі туралы Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Бұл ретте екі құжаттың да конституцияға 2007 жылдың мамыр айында енгізілген өзгерістер сай келтірілгенін атап өту керек. Қазіргі таңда атқарушылық өндірісті әрі қарай жетілдіру және төртінші сьезде Президент қойған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған «Атқарушылық өндіріс және сот орындаушылары мәртебесі туралы» заң келісім шаралары сатысында тұр. Бұл құжат сондай-ақ, атқару өндірісіне жеке сот орындаушылары институтын құру арқылы түбегейлі түрде реформа жасауды көздейді.

Сонымен қатар, судьялыққа кандидатты таңдау кезінде талаптар қатаңдатылғандығын айта кеткен жөн.

 

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық

сотының бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы Г.Дюсекина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив