Медиацияны қолдану тәжірибесі

Медиацияны қолдану тәжірибесі

Қазіргі әлемде қоғамдық қатынастардың субъектілеріне мінез-құлық ережесін өз бетінше анықтауға және олардың сақталуын бақылауға мүмкіндік беретін өзін-өзі реттеу механизмдері ерекше маңызға ие. Қазақстан Республикасының алға қойған міндеттерінің бірі татуластыру әрекеті саласын, соның ішінде медиацияны да кеңейту болып табылады. Қазір медиация Қазақстан Республикасында да белсенді түрде дамуда, және Қазақстан Республикасында 2011 жылы 28 қаңтарда «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және 2011 жылы 28 қаңтарда № 402-IV «Медиация сұрақтары бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды. Бұл заң жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды, сондай-ақ онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот өндірісі барысында пайда болатын дауларды реттеуде медиацияны қолдануға жол беріледі.

Медиация – бұл келісімге келе білу, даулар мен келіспеушіліктерде консенсусқа, екі жаққа да өзара тиімді шешімге келе білу. Сонымен қатар аралық соттан айырмашылығы медиатор тараптардан ештеңе талап етпейді және еш нәрсе көрсетпейді.

Медиацияның негізгі мақсаты келіспеушіліктегі оң жақ пен кінәліні анықтау емес, медиацияның негізгі мақсаты тараптарды консенсусқа келтіру болып табылады.

Даудың субъектілері медиацияда белсенді роль атқарады, олар медиацияға ерікті түрде өтініш білдіреді және ерікті түрде қатысады, медиаторды өздері таңдайды, іс-әрекет ережесін анықтайды, сөйлесулер жүргізеді және сол арқылы бүкіл процесті бақылайды.

Заңмен Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған тұлға (мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа қылмыстардан басқалары) қылмыстық жауаптылықтан босатылуы тиіс (ҚК 67 бабының 1 тармағы) немесе егер ол жәбірленушімен татуласса, соның ішінде медиация тәртібінде де және жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтырса қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (ҚК 67 тармағының екінші тармағы). Заң нормаларында көрсетілгендей, медиация әрекетін қолдану сотқа дейінгі өндіріс сатысында немесе сот сатыларында тек қозғалған қылмыстық істер бойынша ғана қолдануға болады. Бірақ медиация туралы шарт қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтатпайды, ал медиация қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген сотқа дейінгі және сот өндірісі мерзімдерінде жүзеге асырылуы тиіс. Біз оны дұрыс деп есептейміз, өйткені айыпталушыға қолданылатын алдын алу шарасы қамау түрінде таңдап алынуы мүмкін, және медиация әрекеті негізінде қылмыстық іс жүргізуді тоқтату қамау мерзімін ұзартуы және қиындатуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл әрекетке қатысу дерегі сот өндірісіне қатысушының кінәсін мойындауының дәлелі ретінде қызмет атқармайды. Егер медиацияны жүргізу кезінде тараптардың бірі кәмелетке толмаған болса, онда педагогтың немесе психологтың қатысуы міндетті болады. Яғни, күдіктілердің, айыпталушылардың, жәбірленушілердің құқықтары туралы (ҚІЖК 68,69,75 баптары) қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары тиісінше заңмен белгіленген жағдайларда медиация тәртібінде татуласуға берілетін құқықпен толықтырылған. Тараптардың келіспеушілікті медиация тәртібінде реттеу туралы келіәсім жасауы қылмыстық іс жүргізуді жүргізетін органның қылмыстық істі тоқтатуы үшін негіз болып табылады (ҚІЖК 51, 269, 307 баптары).

Медиаторлардың біліктілік қызметін жүзеге асыруы үшін ұйымдастырушылық жағдайларды қалыптастыру қажеттілігін қарастырады. Бұл үшін, оның ішінде, мыналар қажет: -әлеуметтік және коммерциялық медиацияны қолдану саласын шектеу, медиацияға жалпыға ортақ қолжетімділік жағдайын құру; -құзыретті медиаторлар корпусын қалыптастыру; -медиаторлар қызметінің нысанын және олардың қызметінің ұйымдық қамтамасыз етілуін анықтау; - Қазақстан Республикасы медиаторларының этика Кодексін қабылдау. Медиацияның инфрақұрылымын құру үшін, және оның механизмдері толық деңгейде жұмыс істей бастады. Қорта келе, жоғарыда атап өтілгендей, соңғы онжылдықтар ағымында медиацияны пайдаланудың көбеюі байқалады деп күтілуде. Келесі онжылдық ағымында, мұндай жаңа құралдарды, мүмкін міндетті сотқа дейінгі реттеу нысанында сотпен толық дерлік біріктіру байқалатын болады. Медиация келіспеушілік туындаған субъектілерге жедел тиімді шешімдерге қол жеткізуге көмектеседі.

 

 

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы  А.Қ.Әлиев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

4 пікір

  1. аватар
    Phillipp 13 сентября 2023 00:39

    Hi! I could have sworn I've visited this site before but after browsing through a few of the posts I
    realized it's new to me. Nonetheless, I'm definitely pleased I came across it and
    I'll be bookmarking it and checking back often!

    My web page Patsy

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив