Медиация – тараптардың татуласуы

Медиация – тараптардың татуласуы

«Медиация туралы» Заңның негізгі мақсаты – дауласушы екі тарапты бітімге келтіріп, татуластыру, екі тарапты қанағаттандыратын нәтижеге қол жеткізу, дауласушы екі тараптың дауласушылық деңгейін төмендету. 

Медиацияны жүргізу онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар қаралатын даулы мәселелер бойынша қолданылады. Қылмыстық іс жүргізу барысында медиация қылмыстық заңда белгіленген сотқа дейінгі және сотта іс жүргізу мерзімдері бойынша жүзеге асырылады. Қылмыстық іс жүргізу бойынша медиацияны жүргізу кезінде дауласушы тараптар арасында келген зиян қалпына келтіріліп, татуласса, даулы мәселе бойынша реттелген медиатордың қатысуымен жасалған тараптар қол қойылған құжаты болса, іс жүргізуінде қылмыстық іс қаралып жатқан органға дереу жіберіліп, ҚПК- те көзделген қылмыстық қудалауды болдырмайтын, не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін жай болып табылып, іс жүргізу өндірісінен қысқартылуға жатады.

«Медиация туралы» Заңның дауласушы адамдардың қоғамымызда берекелі, жайлы және тыныш өмір сүруімізге тигізетін көмегі зор.    

Медиация рәсімі кезінде барлық шешімдерді екі тарап өзара келісе отырып қабылдайды, және де екі тарап та өзара келісе отырып келген шешімді ерікті түрде орындау жауапкершілігіне ие болады.

         Медиация рәсімін қолдану барысында сақталу қажет маңызды шарттардың бірі – бұл еріктілік, өзара құрмет, тараптардың тең құқықтылығы, үшінші тұлғаның бейтараптылығы. Нақ осындай жол табу қажетті шешімге келуге жәрдемдеседі.

         Бұл заңи құралдың артықшылығына минимальды материалды шығындарды жатқызуға болады, соттық іс жүргізумен салыстырғанда уақыт үнемделеді және психологиялық тұрақтылық та болады.

         Қылмыстық процесте медиация рәсімі тек екі тараптың бірдей еркіне байланысты қолданылады, ал егер даулар медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған тұлғалардың мүддесін көздеген жағдайда медиация рәсімі қолданылмайды. Сонымен қатар тараптардың бірі мемлекет болып табылатын істерде медиация рәсімі қолданылмайды. Медиация іс қарауы басталғанға дейін де, іс қарауы кезінде де қолданылуы мүмкін.

         Астана қаласы Есіл ауданы №2 аудандық соты жұмыс тәжірибесіне медиацияны қолдануды басшылыққа алып, соның ішінде медициялық тәртіппен бірталай қылмыстық істерді бейбіт келісім бекітіе отырып қараған.

       Дала билігінің дара тұлғалары –Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған дана билердің ел арасындағы кез келген дау-дамайды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтауға баса назар аударған.

        Яғни, қолданысқа енген Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы аты бөлек болғанымен қазақ құқығы үшін жат дүние емес. Бұл «алдыңа келсе атаңның да құнын кеш» деген қағиданы басшылыққа алған дарабоз билердің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы.
       Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді елімізде жаңа серпінмен қолға алынуы құптарлық жайт.

 

Астана қаласы Есіл ауданының

№2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі 

Жанар Ерназарова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив