Азаматтық процестегі талап қоюды қамтамасыз ету

Азаматтық процестегі талап қоюды қамтамасыз ету

Іске қатысатын адамдардың, төрелік талқылау тараптарының арызы бойынша сот істің қандай жағдайында болмасын, егер осындай шараларды қабылдамау соттың шешімін орындауды қиындатса немесе мүмкін етпейтіндей болса, талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдай алады.

      Төрелік талқылау тараптары талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызға төрелікке талап қоюды растайтын құжатты қоса беруге тиіс.

      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына, сондай-ақ банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға қатысты олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі дауланып отырған құқықтық актісінің, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол берілмейді.

      Салық тексерулерін жүргізу үшін негіз болып табылатын мемлекеттік кіріс органдарының дауланып отырған құқықтық актісінің қолданылуын тоқтата тұру түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауға жол берілмейді.

      Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар:

      1) жауапкерге тиесілі және оның өзіндегі немесе басқа да тұлғалардағы мүлікке (банктің корреспонденттік шотында тұрған ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың ашық сауда-саттықтар әдісімен сауда жүйелерінде жасасқан репо операциялары бойынша нысана болып табылатын мүлікке, сондай-ақ жалақы сомалары түсетін банк шоттарында тұрған ақшаға тыйым салуды қоспағанда) тыйым салу болуы мүмкін.

      Міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына (олар бойынша өсімпұлдарға), зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерге, тұрғын үй төлемдеріне, нотариус депозиті шарттарында енгізілген, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған банктік шоттардағы ақшаға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне тыйым салуға жол берілмейді.

      Шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасының және оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетiн бұзуынан келтiрiлген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар бойынша шет мемлекеттің корреспондентік шотында Қазақстан Республикасының аумағында тұрған ақшаға тыйым салуға жол берiледi.

      Жауапкерге тиесілі және банкте тұрған ақшаға тыйым салу түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымда тыйым салынатын ақша сомасы көрсетілуге тиіс. Тыйым салынатын ақша сомасын талап қоюдың бағасын негізге ала отырып сот айқындайды;

      2) жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу;

      3) басқа тұлғалардың орындау мерзімі жеткен міндеттемелер бойынша мүлікті жауапкерге беруіне немесе заңда немесе шартта көзделген өзге де міндеттемелерді жауапкерге қатысты орындауына тыйым салу;

      4) мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қойылған жағдайларда мүлікті өткізуді тоқтата тұру және (немесе) борышкердің мүлкін бағалау нәтижелеріне дау айту;

      5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дауланып отырған құқықтық актісінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұру;

      6) борышкер сот тәртібімен даулайтын атқарушылық құжат бойынша өндіріп алуды тоқтата тұру;

      7) кепіл нысанасын соттан тыс сату жөніндегі сауда-саттықтарды тоқтата тұру;

      8) дауланып отырған актілерді және сот орындаушысының өндіріп алуды мүлікке айналдыруға байланысты атқарушылық іс жүргізуде жасайтын әрекеттерін тоқтата тұру болуы мүмкін.

Қажетті жағдайларда сот осы Кодекстің 155-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарға сай келетін, талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды қабылдауы мүмкін. Сот талап қоюды қамтамасыз етудің бірнеше шараларын қабылдауы мүмкін. Осы бапта көрсетілген тыйым салулар бұзылған кезде кінәлі адамдар заңдарда белгіленген жауапты болады. Бұдан басқа, талап қоюшы талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындамаудан келтірілген залалдарды осы адамдардан сот тәртібімен өндіруді талап етуге құқылы.

Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талап қоюшының мәлімдеген талабына сай болуға және үшінші тұлғалардың жария мүдделері мен мүдделерін бұзбауға тиіс.

 

Астана қаласы

Есіл аудандық сотының бас маманы                                

Д.Манап

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

  1. аватар
    Marti 19 сентября 2023 12:06

    Magnificent goods from you, man. I've take note your stuff previous to and you are just too excellent.

    I really like what you've obtained here, really like
    what you are stating and the best way through which you are saying it.

    You make it entertaining and you continue to take care of to keep
    it smart. I can't wait to learn far more from you. This is actually a terrific web site.


    Feel free to surf to my site ... azulfidina disponible en farmacia de
    São Paulo

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив