Мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар

Мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар

Мемлекеттік қызметші өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, олар билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс. Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардың білім-біліктілігінен бұрын, адамгершілік асыл қасиет пен ананың сүтімен келетін тәлім-тәрбиені де талап ететініміз анық.

Мемлекеттік қызметтің сапасы Мемлекет басшысының да маңызды реформаларының бірі. Елбасы Президенттік лауазымына кірісу алдында «Мен өзімнің сайлауалды тұғырнамам болған бес институттық реформаны ұсындым. Мен реформаларды жүзеге асыру үшін өзімнің барлық ерік-жігерімді, шешімділігімді көрсетіп, мемлекеттік аппаратты қоғамның күш-жігерін реформаларды орындауға жұмылдыру ниетіндемін» деген болатын.

Осы тұрғыда білікті мемлекеттік қызметшілер корпусын жасақтау маңызды міндет болып табылатынын ерекше атап, мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу қажеттігін, әрбір басшы төменнен бастап барлық басқару сатыларынан өтуі тиістігін жеткізген. Бір сөзбен айтқанда, бұл реформа – азаматтардың құқықтарын құрметтейтіндей және олардың заңды мүдделеріне қызмет ететіндей мөлдір де тиімді модельді қалыптастырады.

Мемлекеттік қызмет меритократия қағидаты негізінде барлық азаматтарға өз қабілеттерін жүзеге асыру үшін бірдей мүмкіндіктер берілетін әділ қазақстандық қоғамның түп бейнесіне айналдыруға арналған. Президент айтпақшы, жауапты тұлғалар реформаның орындалу барысына барынша бас қатырса, мемлекеттік аппаратта тамыр-таныстық жойылып, мемлекеттік қызметшілерде айқын мансаптық келешек қалыптастыруы қажет. Көптен күткен қос құжатты құшақтап кеше ғана Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Парламент Сенатының отырысына ала келіпті. Жалпы отырыста ведомство басшысы сенаторларға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын ұсынып, бұл құжат Елбасы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен дербестігіне бағытталған шараларды жүзеге асыруға бағытталатынын айтып өтті. Оның айтуынша, заң жобасы тұтастай алғанда мемлекеттік қызмет саласында ашық конкурстық іріктеуді қамтамасыз етуге, құзыреттілік негізінде мақсаттық, яғни лауазымдық жоғарылатуға, нәтижеге байланысты еңбекақыны анықтауға бағытталмақ. Бұл шаралар айтыла-айтыла жауыр болған – мемлекеттік қызметтегі тамыр-таныстық, ағайынға бұрушылық пен заңсыз қамқоршылық жағдайларын барынша жояды деп сендірді. Құжат негізінде алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылдау үш сатылы конкурстық іріктеу арқылы жүзеге асады. «Бірінші кезеңде үміткерлер заңдарды білу мен құзыреттілік бойынша тестілеуден өтеді. Екінші кезеңде агенттік арнайы сұхбаттасу арқылы үміткердің жеке қасиеттерін тексереді. Үшінші кезеңде мемлекеттік орган кандидаттың кәсіби білімін, біліктілігін айқындайтын болады. Конкурстан сәтті өткендер үшін тәлімгерлер белгілене отырып, үштен алты айға дейінгі аралықта сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімінен өте алмағандар агенттіктің келісімімен жұмыстан босатылуы тиіс.

Мемлекеттік қызметкерлердің мансаптық жоғарылауы да тек конкурстық негізде жүзеге аспақ. Бұл ретте құзыретпен қатар, төменгі лауазымдағы жұмыс өтілі де талап етіледі. Ал бұрынғы депутаттар мен саяси қызметкерлердің, судьялардың, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу тәртібі жеңілдетіледі. Бұл үшін комиссия шешімі ғана болса жетіп жатыр. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметтердің ротациясы жүзеге асырылады. Ал, мемлекеттік қызметшілер басқа жерге ротация кезінде жекешелендіру құқығынсыз мемлекеттік тұрғын жаймен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметкерлер үшін нәтижелілік бойынша еңбекақы жүйесі енгізіледі. Ол дегеніңіз, «бірдей еңбек үшін бірдей еңбекақы» қағидатын қамтамасыз етіп, осы мақсатта құқықтық негіз белгіленбек. 

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілерді кешенді «кезектен тыс» аттестаттауды өткізудің заңнамалық негіздері бекітіледі. Кешенді аттестаттауды өткізудің тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ, қызметшілердің санаттары Президент Жарлығымен айқындалмақ. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшінің жұмысын бағалау қорытындылары бойынша аттестаттаудың қолданыстағы институты жойылады. Заң жобасымен «Б» корпусының кадр резерві институты да жойылады. Отырыс барысында заңнамаға мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша түзетулер қабылданды. Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі негізінде мемлекеттік аппаратқа еңбек заңнамасы шеңберінде шетелдердің менеджерлерін келісімшарт бойынша және штаттан тыс тартудың құқықтық негіздері бекітіледі. Ұлттық қауіпсіздік органдарының осындай шетелдіктерді тексеру жөніндегі құзыреті белгіленеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау жөнінде қойылатын негізгі талаптар көзделеді. Бұл ретте, әдептік мінез-құлық шеңбері мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде бекітіліп, оның сақталуын бақылауды әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.

Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшінің мінез құлқына, қызметтік міндетіне, мемлекет пен оның азаматтарының өзара қарым – қатынасына сенімді өкіл болып табылатын мемлекетке, өзі «қызмет ететін» қоғамға қатысты моральдық талапты білдіретін неғұрлым жинақты принциптер мен нормаларды білдіреді. Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету – үлкен қателік. Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы – оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы.

Мемлекеттік қызметші этикасында менмендік, қоластындағылардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушілік, өз орнын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінетін тәкаппарлық теріс сипат алған. Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз – өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін – өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де – мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі. Талап ету – сенім блдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет. Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет – тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. Сөйлеп отырған адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап отыр ма, жалығып кетті ме, әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма бәрі әсер етеді. Қызметшінің жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне қарағанда анағұрлым күрделі, қиын мәселе болса да, ол тындаушы ретінде өз проблемасын естен шығара тұруы тиіс. Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы – мемлекеттік қызметшінің өз беделі. Беделдің жиналуы – өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі.

Аяқтай келе, мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым – қатынастағы басшылық – қоғамның басты өндіруші күші – адамдармен «адам факторымен» жұмыс істей білушілік. Мемлекеттік қызметші болу, бұл – адамдармен тең қарым – қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін, эмоцияларын басқара білу болып табылады.

 

Астана қаласы бойынша

Соттар әкімшісі

Талдау және жоспарлау

бөлімінің басшысы                                                                     

Е.Наухан

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив