Сот жүйесінің жаңашылдығы

Сот жүйесінің жаңашылдығы

Мемлекетіміз тәуелсіздік тұғырына жеткелі бері жаңа белестерді асып, жаңару, көркею, даму жолында көптеген шараларды қолға алуда. Бұндай оң өзгерістерден сот жүйесі де алыс емес. Қазіргі таңда сот жүйесін жетілдіру мақсатында көптеген жаңашылдықтар мен өзгерістер орын алуда.

Оның  бір дәлелі -  «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің енгізілуі. Аталмыш сервис 2014 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының №380 өкімімен бекітілген. Ол жеке тұлғаларға және олардың өкілдеріне, заңды тұлғалардың өкілдеріне құжаттарды электронды түрде сотқа ұсынуға мүмкіндік береді.

         «Сот кабинеті» арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру үшін көрсетілген адамдар біріншіден бұл сервиске тіркелуі тиіс. Нәтижесінде, тіркелген адам оның пайдаланушысы болып табылады. Қолданушылар сервис көмегімен  электронды түрде талап арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы тәртіп арқылы қадағалауға және т.б. құқылы.

Сотқа ұсынылып жатқан құжаттар міндетті түрде қойылатын шарттарға сәйкес болуы қажет. Тиісті түрде ұсынылған құжат сот органдары мамандарымен қабылдау және тіркеуге жатады. «Сот кабинеті» пайдаланушысы ұсынған құжатының статусын байқау мүмкіндігіне ие.

         Сервис қызметін бастағалы бері жаңа мүмкіндіктерге қол созуда. Олардың бірі сот процессіне қатысушылар мен азаматтардың пікірін ескеруге бағытталған сауалнама жүргізу болып табылады. «Соттарды сырттай бағалау» сервисі бір жағынан - жариялылықты жүзеге асыру, басқа жағынан – халықтың сотқа деген сенімін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу дәрежесін анықтауға бағытталған сот пен судьялардың жұмысын бағалаудың объективті жолы болып саналады. «Сот кабинетіне» тіркелген, оның қолданушысы болып табылатын тұлға баға беру үшін екі бөлікке бөлінген сұрақтарға жауап береді. Алғашында облыс атауын, сот атауын және судья аты-жөнін, қаралған іс, іске кім ретінде қатысқандығын таңдайды, ал екінші бөлігінде нақты 10 сұраққа жауап береді. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы өзінің сырттай бағасын береді.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сот жүйесі органдарының қызметіне қол жеткізушің бірыңғай терезесі бола отырып, сот органдары мен халықтың өзара әрекеттестігі бойынша оң нәтиже беруде. Аталмыш сервис сот жүйесінің жеделдігі, қолжетімділігі мен ашықтығының бірден бір дәлелі деп пайымдасақ қателеспейміз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив