Соттардағы өткізу және объектішілік режимдері туралы

Соттардағы өткізу және объектішілік режимдері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Департаментімен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлескен бұйрғымен, барлық соттарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар бекітілген(бұдан әрі – Қағида).

Осы аталған нормативтік құқықтық актісі 2016 жылдың 06 маусымында арнайы интернет-ресурстарында жарияланған болатын.

Соттарда, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Қалалар мен облыстардың мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ-нің қызметкерлері сот приставтарымен өзара әрекеттесе отырып қамтамасыз етеді.

Аталған Қағидаларда, техникалық құралдарды өткізу және рұқсаттама режимі кезінде нақты қалай пайдалану тәртіптері көрсетілген.

Соттарда, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына кірген кезде келушілерге, оның ішінде сот процесіне қатысушыларға қатысты бақылаудың арнайы жабдығы мен техникалық құралдарды пайдаланыла отырып, техникалық бақылау жүзеге асырылады. Яғни сотқа келуші адамдар белгіленген турникет және темір іздегіш аркасы арқылы өтеді.

Жоғарғы көрсетілген жабдық пен техникалық құралдар қол жүгі мен жеке заттарды карап-тексеру кезіндед де пайдаланылады.

Бақылаудың арнайы техникалық құралдары іске қосылған жағдайда, сотқа келуші адамның өзімен алып келген қол жүгі мен жеке заттары көзбен қарап-тексеру үшін көрсетуді ұсынады.

Арнайы құралдарды пайдалана отырып техникалық бақылау көрсетілген құралдардың істен шығуы, (не олардың болмауы) себебі бойынша мүмкін болмаған жағдайда, сотқа келуші адам дербес Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлер полициейіне көзбен шолып қарап-тексеру үшін қол жүгін (сөмкелерін, портфельдерін, пакеттерін және тағы басқа заттарын) ашық түрде көрсетеді.

Адамның техникалық бақылаудан немесе қарап-тексеріп өтуден бас тартқан жағдайда, оның ғимаратқа өткізуге жатпайтындығына негіз болып табылады.

Тексеру жүйелері мен құралдары - бұл тыйым салынған заттар мен бұйымдарды санкциясыз алып өтуді немесе өткізуді анықтауға арналған техникалық құралдардың жиынтығы.

ҚР Азаматтық процестік кодексінің 19 бабы және ҚР Қылмыстық процестік кодекісінің 345 бабына сәйкес, іске қатысатын адамдардың және басқа да адамдардың, оның ішінде ашық сот отырысына қатысып отырған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот отырысының барысы бойынша жазбалар жасауға, оны залда отырған орындарынан аудиожазу құралдарының және цифрлық жеткізгіштердің көмегімен жазып алуға құқығы бар. Сот талқылауы залында киноға және фотоға түсіруге, бейнежазба жасауға, тікелей радио- және телетрансляция жүргізуге, Интернеттің ақпараттық-коммуникациялық желісінде бейнетрансляция жүргізуге соттың рұқсатымен және іске қатысатын адамдардың пікірі ескеріле отырып жол беріледі делінген, яғни сотқа келуші, сот отырысына қатысушы адамдармен аталған техникалық құралдарды пайдаланылатын және оларды қолданылатын кезде, ол адамдарға алдын ала жазбаша немесе процессуальдық заңнамаға сәйкес басты сот талқылауына дейін іс бойынша төрағалықетушінің тиісті рұқсатын алу қажет, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына қатысы бар қызметтін растайтын құжаттарының болына байланысты және алдын-ала сот полиция постына ұсынылған тізімі арқылы жүзеге асырылады.

Нақты Қағидалардың нормалары, барлық азаматтарға және сотқа келушілерге, қызметтік жағдайларына байланысты және атақ деңгейіне тәуелсіз болып, оларға қатысты таратылып жұмыс істейді.

Соттардағы Қағидалар тек қана өткізу және рұқсаттама режимін белгілеп қоймайды, сонымен қатар азаматтардың қауіпсіздігін және соттар әкімшілік ғимараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және жергілікті соттардың ғимаратына келуші тұлғалар «Қазақстан Республикасының Ішкiiстероргандары туралы» Заңның 6 бабында көзделгендей, мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерде өткізу режимін қамтамасыз ету кезінде тексеруден өтеді. Ішкі істер органдарының өкілеттіктерімемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асыруға және өткізу режимін қамтамасыз ету кезінде адамдарды, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеріп қарауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 10-3 бабына сәйкес меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары террористік әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілерді терроризмге қарсы қорғау және олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау мақсатында тиісті өткізу режимін қамтамасыз ету қажет делінген.

Сондықтан, сотқа келуші адамдар, аталған Қағидалармен бектілген өткізу және рұқсаттама режимдернің талаптарын, сот қызметіндегі бекітлген тәртіптерді жәнежалпы қабылданған мінез-құлық нормаларды сақтауға тиіс.

Өткізу және рұқсаттама режимдерінің талаптары бұзылған немесе соттардағы бектілген тәртіптерді сақтамаған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңның 653 бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

 

Астана қаласы бойынша

Соттар әкімшісінің Ішкі қауіпсіздік және

соттардағы сыбайлас жемқорлықтың

алдын алу бөлімінің сот приставы                                                      

А.Хадыл

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив