Петропавлда полицейлер мерекелік демалыс күндерінің қалай өткенін айтып берді

Петропавлда полицейлер мерекелік демалыс күндерінің қалай өткенін айтып берді

Тәртіп сақшылары Наурыз мейрамын күшейтілген режимде өткізді. Петропавл тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын жаяу мен автопатрульдер, бейнебақылау инспекторлары қорғады. Полицияның кешенді күштері демалушылар көп жиналатын орындарға жақындатылды. Бейнекамералардың көмегімен 173 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Орталық алаңдарда қоғамдық тәртіпті бұзу, облыс орталығында ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол берілмеді.

Мереке күндері жедел жағдай тұрақты болды. Наурыздың 21-мен 25-і аралығында 102 жедел арнасына 1605 телефон хабарламасы келіп түсті, оның ішінде 502-сі полиция күштерінің жедел әрекет етуін талап етті. Негізгі өтініштер отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша болды. Отбасылық жан-жалдардың 38-і тіркелді. Сондай-ақ, күткендегідей түнгі уақытта тыныштықты бұзу жағдайлары да көбейді. Негізінен жалдамалы пәтерлерде шулы кештер ұйымдастырғаны үшін, 32 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив