Петропавлдық полицейлер мерекелік күндер қалай өткенін айтты

Петропавлдық полицейлер мерекелік күндер қалай өткенін айтты

Наурыз мейрамын мерекелеу күндері облыс тұрғындарының қауіпсіздігін шұғыл қызметтердің, медицина және полиция қызметкерлері күшейтілген түрде қамтамасыз етті. Басты міндет – қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, қоңырауларға жедел ден қою және төтенше жағдайларға жол бермеу болды.

Бұл күндері күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтауға Петропавл қаласында 160-тан астам полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Оның 31-і – автопатрульдер, 8-і – «Модуль» стационарлық бекеттерінің кезекші ауысымдары, қалғаны – жаяу жасақтар.

Петропавл қ. ПБ Жедел басқарау орталығының бастығы полиция подполковнигі Ерік Құлжановтың айтуынша, наурыздың 19-ы мен 23-і аралығында қалалық полицияның «102» арнасына 1842 телефон қоңырауы келіп түскен. Олардың 400-іне полицияның шұғыл әрекет етуі қажет болды. 27 жағдайда отбасылық жанжалдар, 17-нде түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілері орын алған. Бір тәулікте орта есеппен алғанда тәртіп сақшыларына 550 хабарлама келіп түскен. Қоңыраулардың дені сағат кешкі алтыдан түн жарымға дейінгі аралықта түсіп отырған.

Полицияның жаяу және көлік жасақтарымен қатар Жедел басқару орталығындағы бейнебақылау инспекторлары бөлек жоспар бойынша жұмыс істеді. Нәтижесінде көшелерде, көше қиылыстары мен алаңдарда орнатылған бейнебақылау камераларының көмегімен 52 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның көбі – қоғамдық орындарда масаң күйде жүру фактілері.

Жалпы, мереке күндері жағдай тұрақты болды, резонанстық қылмыстар тіркелмеген.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив