Наурыз мерекесі қарсаңында СҚО-да полиция қызметкерлері балалар мен қарттарға барып қайтты

Наурыз мерекесі қарсаңында СҚО-да полиция қызметкерлері балалар мен қарттарға барып қайтты

https://youtu.be/Srf7_Z0qBQk

https://youtu.be/FIMPyyZRwXI 

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер дәстүрлі түрде Наурызды қайырымдылықпен қарсы алады. Облыстық полиция департаментінің мәдени орталығының вокалдық тобы облыс аудандарында концерттер өткізді.

Смирново аудан орталығында погондағы әртістер әлеуметтік қызмет көрсету орталығының зейнеткерлерін өз таланттарымен қуантты. "Наурыз мейрамы — аға буынға ризашылық білдірудің тағы бір себебі, — деп атап өтті СҚО ПД бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова құттықтау сөзінде. — Бұл жерде өз уақытында біздің өңірдің дамуына лайықты үлес қосқан адамдар көп. Сіздерге мықты денсаулық пен қажымас қуат тілеймін!»

Орталық басшылығына полиция полковнигі Андағұлова "Қазақ салт-дәстүрлері" кітабын сыйға тартты. Вокалдық топтың бай репертуарындағы өлеңдер зейнеткерлерді жастық шағындағы кезеңге қайтарып, заманауи эстраданың патриоттық әндерімен жігерлендірді.

Мағжан Жұмабаев ауданы Полудино ауылындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне Сәуле Андағұлова қиындықтарға мойымай, алдына мақсат қойып, оларға қол жеткізуді тіледі. Полиция қызметкерлері Орталықтың жиі қонақтары. Ұлдар мен қыздармен әр кездесу жылы атмосферада өтеді. Құттықтауға мекеменің бастықтары-жол полициясының ардагерлері қосылды. 20 жылдан астам уақыт бойы олар тәрбиеленушілерді қолдап келеді. Балалар вокалистермен бірге ән айтып, әуендерге биледі. Полиция қызметкерлерінің қойған концертінен кейін олар келіп жеткен көктемге өлеңдер мен әндер арнап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Қайырымдылық, балалар мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау - құқық қорғау органдарының бұрыннан келе жатқан жақсы дәстүрі. Бұл полицияның адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталғанын тағы бір еске салады. Барлық мереке күндерін полицейлер дәстүрлі түрде жерлестері мен қонақтарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап, қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасында өткізетін болады. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-pd-madeni-ortalyghynyng-vokaldyq-toby-oblys-audandarynda-kontsert-otkizdi/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив